Оқи отырыңыз

Автор: Есей Жеңісұлы

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Күйіп қалсаңыз...

Күйіп қалсаңыз...

Күйіп қалсаңыз...

Өмір болғаннан соң, түрлі жағдайлар болып жатады. "Жазмыштан озмыш жоқ" демекші, бәріне де дайын болу қажет. Өзіңіз немесе жақыныңыз байқаусызда күйіп қалып, ыңғайсыз жағдайға тап болды ма? Қалай көмек көрсетуді білмей, абдырап қалдыңыз ба? Бүгінгі кеңестеріміз сізді мұндай жағдайдан қиындықсыз алып шығады деген үміттеміз.

Тұрмыста да, өндірістерде де күйіктер кездесіп тұрады. Олар алуан түрлі. Оттан, будан, қайнап тұрған судан болатын термиялық күйіктер, теріге күйдіргіш қышқылдар, сілтілер тамып кеткеннен не төгілгеннен болатын химиялық күйіктер болады.

Күйіктің түрлері:

Бірінші дәрежелі – терінің қызарып, домбығып ісінуі;

Екінші дәрежелі – іші сұйыққа толатын бірнеше көпіршіктердің пайда болуы;

Үшінші дәрежелі – күйген жердің барлық қабаттарындағы жасушалардың жансыздануы;

Төртінші дәрежелі – тері астындағы тіндер мен ағзалардың, сіңір бұлшықеттерінің, сүйектің, ішкі ағзалардың қатты зақымдануы.

Күйік орын алған жағдайда алғашқы көмектің әрі дұрыс, әрі уақытылы көрсетілуі жарақаттардың тезірек жазылуына, оны емдеудің жеңіл болуына, яғни жақсылықпен аяқталуына жәрдемдеседі.

Алғашқы көмек

Бірінші және екінші дәрежелі күйікке ұшырағанда күйген жердің ауырғанын бәсеңдету үшін күйген теріні шүмектете ағызылған таза сумен біраз уақыт жуып-шаю керек. Содан кейін, әлгі жерге спирт немесе әтір жағып, үстін залалсыздандырылған құрғақ дәкемен таңып тастау ләзім. Әрбір отбасында, кез келген жұмыс орнында залалсыздандырылған дәкелер болуы тиіс. Егер, дәке болмаса, оның орнын жаңа ғана үтіктелген таза ақжайманы, орамалды, сүлгіні пайдалануға болады.

Күйіктің үстінде пайда болған көпіршіктерді қолдан жаруға, оған дәрігердің рұқсатынсыз қандай да бір май, сарымай жағуға, ас содасын себуге және несепті, басқа да дәрілерді пайдалануға болмайды. Олар күйген жерді ластайды, микробтардың көбейіп кетуіне жол ашады да, дұрыс емделуге кедергі жасайды.

Егер адамның киімі өртенсе, атқылап аққан сумен өшіру, не топырақпен, не қармен көму керек, не өртенген адамды көрпеге, пальтоға, әйтеуір бір қалың затқа орап, қымтау керек. Өртенген киіммен жүгіріп қашуға болмайды, өйткені жел жалынды үрлеп, денені одан бетер күйдіре түседі.

Күйген адамнан киімді сыпырып алуға болмайды. Киімнің денеге жабысқан жерінің шеттерін қайшымен қиып тастау дұрыс. Дәрігер келгенше күйген адамға тәтті шай немесе кофе ішкізіңіз.

Егер химиялық күйік болса, онда дененің күйген жерлерін суық сумен, ең абзалы резеңке түтіктен немесе құбырдан тоқтаусыз ағызылған сумен жуу керек. Оны 15-20 минут және одан астам уақыт бойы үздіксіз шаю керек. Мұндай жағадайда жедел жәрдемді мүмкіндігінше тезірек шақыру керек, өйткені сілтіге, қышқылға немесе басқа түрлі химиялық заттарға терінің шамалы жері күйсе де қауіпті.

Әрі көлемді, әрі теріден кеткен күйікті емдеу оңай іс емес, оны емдеу тәжірибиесі мол, ысылған маманды қажет етеді.

Суреттер:zdorovieinfo.ru,nmed.com.ua,dama.info,prodetey.ru,express.de

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

28302 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 13 шілде 2012, 11:22
Пікірлер
+0
13 шілде 2012, 11:52

Бір рет аяғым күйіп қалған еді, сол кезде жүгіріп шелектегі мұздай суға салғаным есімде. Ол кезде қыс болатын... Кеңестерің нағыз керек кеңестер. Рақмет :)

+0
13 шілде 2012, 11:55

Мен де талай күйіп қалғанмын, бауырларым да..Сондай кездері не істерімізді білмей қиналып қалатынымзы бар ғой :(

+0
13 шілде 2012, 11:57

Бала кезде самаурын жанынан жүгіріп өтып, аяғымды оңбай күйдіргенмін. Тыртық қалған. Соңғы жылдары жоғалып кетті

+0
13 шілде 2012, 12:10

Менің балтырымда болатын, көйлек кие алмай қиналушы едім, жоғалып кетті кейінірек..

+0
13 шілде 2012, 12:00

ең қиын жағдай күйіп қалу ғой, жан шыдатпайды, керек кеңестер

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...