Жүзудің адам денсаулығына пайдасы

Жүзудің адам денсаулығына пайдасы

Жүзу - бәріне де пайдалы спорттың түрі. Жүзумен айналысу арқылы ағзаңыздың тонусын көтеріп, өз-өзіңізді әрдайым емін-еркін сезіне аласыз. Сондықтан бүгін біз сіздерге жүзудің адам денсаулығына неліктен пайдалы екендігін айтамыз.

1. Жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық еттеріңіз қимыл-қозғалыста болады. Сондықтан артық жаттығу жасаудың да қажеті болмайды. 

2. Керемет келбетті қалайтындарға жүзу ең керекті спорт түрі. Өйткені ол омыртқа мен қозғалыс аппараты ауруларының алдын алады. Жүзу барысында бел омыртқаның қасындағы бұлшық еттер босаңсып, рахаттанады. 

3. Сонымен қатар жүзу жүрек ауруларына да қарсы төтеп береді. Егер күнделікті жүзумен шұғылдансаңыз, жүрек-тамыр жүйесінің ауруларын ұмытуға болады. 

4. Жүзу тыныс алу жолдарын жақсартады. 

5. Ағзаңызды шынықтырып, иммунитетіңізді көтереді. Cондықтан сізге тұмаудан қорқудың қажеті жоқ. 

6. Фитнеске қарағанда, жүзу арқылы тез арықтайсыз. Себебі жүзу барысында жүгіруден де көп калория бөлінеді. 

7. Жүзу стресс кезінде де көмектеседі. Ол сіздің жүйке жүйеңізді тыныштандырып, ағзаңызға тамаша энергия бөледі. 

8. Ең бастысы керемет хобби. Мұндай спорт түрінен ешқашан жалықпайсыз, тек қана ләззат аласыз.

Сурет: www.rakhat-fitness.kz

Ж. Исакаев