Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Жадыңызды жақсартудың жолдары

Жадыңызды жақсартудың жолдары

Жадыңызды жақсартудың жолдары

Есте сақтау қабілеті неге жоғалады?

Таңғы асқа қандай тағам жегеніңізді ұмытып қалдыңыз ба? Қазір ғана телефон шалған кісінің есімі де естен шығып кеткен шығар? Бұл сұрақтарға жауабыңыз «иә» болса, «Ұмытшақтар» клубына қош келіпсіз! Қай бұрышта кілттерін жоғалтқанын ұмытқан жандар бұл жерде көп. Қатарға қосылып, керекті кеңестен ала отырыңыз.

"Есте сақтау — тұлғаның бет-бейнесі" деген тұжырыммен келіспейтін жан жоқ болар. Есте сақтау қабілетіміз нашарлай түскен сайын, жан дүниеміз де беймаза күйге енеді. Бұған сену қиын, дегенмен, есте сақтау қабілетінің төмендей бастау мерзімі біз ойлағаннан да ерте екен. 20 жаста-ақ адам есіне сақтайтын жайттар азая түседі. Бұдан кейін адам ойы көп ақпаратты сақтай алмай, жаңаны ойда ұстай алмай, көнені еске түсіре алмайтын дәрежеге жетеді.

Алайда, бұдан шығар жол бар. Бір кездері белгілі мақсатта ойға түйген дүниелердің есте ұзақ уақыт сақталуына әсер ететін факторлар көп: адамның білімі мен интеллектуалды дәрежесі, жеке басына ғана тән индивидтік қырлары. Сондықтан да, әрбір жан өз денсаулығына бей-жай қарамай, ұқыпты ұстап, дұрыс тамақтанып жүрсе, күнделікті дене жаттығуларын орындап отырса, бұл кемшілікті болдырмауға әбден болады. Кез келген оқиға немесе құбылысқа зер сала отырып, керектілерін ойда реттеп, жинақтап алып отырса, кез келген жаста есте сақтау қабілетін жақсарта аламыз. Бастысы, төзім мен өз-өзіңе деген құрмет.

Әрекет ету үрдістері

  1. Есте жазып алу үрдісі. Адамның санасы бір мезетте бестен он сөзге дейін немесе бірнеше бейнені сақтай алады. Және бұл бейнелер мен сөздер адам ойы басқа дүниеге ауыспайынша, есте сақталып қала береді. Жаңа ақпараттар қабылдайтын сәт жеткен кезде ойдағы сақталғанның бәрі жойылып, әп сәтте-ақ адам ойы дәптердің жаңа парағы секілді тап-таза күйге енеді.
  2. Есте сақтау. Ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтап қалу үшін миға ауыртпалық түсіретіндей әрекеттер жасалынады. Бұл әрекеттің арқасында ақпарат мидың ұзақ уақыт есте сақтау бөлігіне шоғырланады. Мәселен, бір жұмадан соң еске түсіру үшін телефон нөмірін қазір іштен бірнеше рет қайталап, ондағы әр санды сіз үшін маңызы бар сандармен байланыстыра отырып жаттайсыз.

 Жоғалтқанның орнын толықтыру

 Адам санасынан мүлде жоғалмайтын да зерделер бар. Мәселен, бірнеше жылдан кейін өзіңізге жүзуді үйреткен жаттықтырушының есімін ұмытсаңыз да, жүзуді дәл солай ұмытып кете алмайсыз. Мынадай мысал бар: бір кездегі атақты биші Вацлав Нижинский қартайған шағында тым толып кетіп, ауруға шалдығады. Бірде күтпеген жерден әйгілі секіруін жасап, жиналған жұрттың жағасын ұстатқан. Ол секіруді атақты биші жас шағында сахнада орындаған. Сонда, әйгілі балет бишісінің бұлшықеттері қанша уақыт өтсе де, би қимылдарын ұмытпаған. Олай болса, қимыл мен іс -әрекеттер біздің жадымызда ұзақ уақыт сақталып қалады екен.

 Күйзеліс

Қысылтаяң жағдайлар кезінде, адам ағзасы кортизол гормондарын белсенді түрде шығарады. Бұл кезде, мидың есте сақтау қабілетіне әрекет ететін жасушалары езіліп кетеді де, ойда жинақталған ақпарат жойылады. Мысалы, егер емтихан тапсыру алдында қатты қобалжыған болсаңыз, тапсыру кезінде қарапайым ғана сұрақтың жауабын таппай дал боласыз. Сонда, қобалжудың әсерінен есте сақталған дүниенің жоғалатын болғаны. Бұндай «қорқыныш» әсерін жою үшін оның пайда болуының алдын алу керек, сол кезде барып, есте сақтау тұрақталады. Жаңа медициналық сараптаулардың нәтижесінде күйзелістің миға кері әсері бірнеше мәрте дәлелденген. Сондықтан да, күйзелістің  тууына жол бермей, сабырлық сақтап жүрген жөн.

 Миды ақпаратпен толтыру

 Гай Юлий Цезарь бір уақытта хаттарды оқып, оларға жауап беріп және дәл сол мезетте әскербасыларының баяндамаларын тыңдап үлгереді екен. Алайда, бұндай әрекетке талпыныстардың соңы жақсылыққа әкелмейді. Бір мезгілде, бірнеше ақпаратты мида тоқу жоғарыда айтып кеткен күйзелістен де ауыр нәтиже тудырады. Миға күш түсіріп, біраз шаруаны бір сәтте шешемін деп, жапа шегіп қалудан сақ болыңыз. «Сабақты ине сәтімен» демекші, ойға түйген жайттарды да кезек-кезегімен ойда саралап, өткендерін мидан шығарып тастауға ұмтылу керек. Елестетіп көріңіз: іші киімге толған шкаф делік. Егер байқаусызда есігін ашып қалсаңыз, ішіндегі киімдердің бәрі сыртқа қарай ағылады. Галстук пен шұлық, көйлек пен жейде — бір-бірімен қабысып, пішінін жоғалтады. Келісесіз бе, бұндай шкафты көргенде мазаңыз қашады, солай ма? Егер бұл киімдер бірізділікпен шкаф ішінде жиналып тұрса, шкаф та бүтін, киімдеріңіз де бүтін...

Ми іші де дәл солай. Үш істі бір мезетте тындырамын деп қарбаласқанша, ойды жинақтап, рет-ретімен әрекет етсеңіз болды.

 Біз қай жердеміз, капитан?

 Жасыңыздың қанша екенін сұраса, мүдіріп қалатын кездер сізде де болады ма? Бұл есте сақтау қабілетінің тым нашарлағаны емес, жағдайға байланысты «наздану» десе болады. Күн сайын теледидар арналары жарыса көрсететін саясаткердің тегі де есіңізден шығып кетті ме? Мүмкін, сізді саясат қызықтырмайтын болғаннан кейін, ол саясаткердің тегін жаттауға ұмытылмаған боларсыз. Ал егер, кемемен жүзіп келе жатып, әрбір жарты сағат сайын, капитаныңыздан қай жерде келе жатқаныңызды сұрай берген болсаңыз да, бұл қарапайым «капитанға деген қырындаушылық». Бұл қалыпты жағдай. Ал егер «әдейі ұмытшқтығыңыз» бар болса, ойлану керек. Бәлкім, емін дәрігерлер берер...

Есте сақтау қабілетінің күн санап нашарлай түсуі — қандай да бір аурудың алғашқы белгілерінің бірі болып табылуы мүмкін. Одан арнайы дәрі-дәрмектің көмегіне жүгініп, айығуға болады. (Мысалы, транквилизатор немесе антидепрессант дәрілері)

 

Сурет ғаламтордан алынды

2231 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 28 желтоқсан 2011, 09:00
Пікірлер
+0
28 желтоқсан 2011, 10:20

Есте сақтау қабілеттерін жақсарту үшін, әуелі, дұрыс тамақтана білу керек. Дәрумендерге бай, қанды көбейтетін, қан тамырларының қызметін жоғарлататын жеміс-жидектер мен көкөністерді пайдаланған жөн. Сондай-ақ, жақсы кітаптар оқып, жаттығулар жасап тұру керек.

+0
28 желтоқсан 2011, 10:27

Емтихан алдында мамам маған шоколадтар беретін... Шоколад мидың жұмысын жақсартады.

+0
28 желтоқсан 2011, 10:40

БІрақ, шоколадтың пайдасы зор, тек көп жеуге де болмайды. Аллергиялық салдары да бар

+0
28 желтоқсан 2011, 10:47

Мен есте сақтау үшін жасалу қажет шаруаларымның тізімін жазып қоямын. Мәтіндеді есте сақтау үшін мазмұнын көз алдыма суреттеймін. вобщым "зрительный память" деген жақсы дамыған.

+0
28 желтоқсан 2011, 12:13

Мен де көбіне "зрительный памятьқа" жүгінемін. Мысалы, газеттегі мақаланың мазмұны ойымда қалмаса да, оның көлемі, газеттің қай бұрышында орналасқаны, үлкен немесе кіші әріппен жазылғаны көз алдымда сақталады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...