Көздің зақымдануынан қалай қорғану керек?

Көздің зақымдануынан қалай қорғану керек?
Фото: freepik.com

«Тілдің көркі – сөз, жүздің көркі – көз»  демекші,  көз – адамның  айнасы, шамшырағы.  Алайда құлап немесе  бір жерге ұрып, көз ішіне қылау түсіп, яғни көзді жарақаттап алу барлық адамда болады. Сондықтан, көзді зақымданудан қорғай білу керек.  Ал ол үшін...

- Ағаш және темір жұмыстарын жасағанда көзге арнайы көзілдірік кию;
- Жиындарда ашылатын аққайнар ( шампан ) тығынын адамға қаратпастан  және оны сүлгімен ұстап тұрып ашу;
- Отшашу кезде арақашықтықты сақтап, қауіпсіз орынға тұру;
- Қызыл тұрған табаға май құйғанда алыстау тұру;
- Кез келген жұмысты істегенде техникалық қауіпсіздікті сақтап, көзді қорғау;
- Химиялық  заттарды ашқанда абаймен, шашыратып алмастан ашу;
- Химиялық заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

О. Сансызбай