Майонездің денсаулыққа зияны туралы

Майонездің денсаулыққа зияны туралы

Бүгін дастарханды майонезсіз елестету мүмкін болмай қалды. Ал осы майонездің қайдан шыққанын, тарихын білесіз бе?

1757 жылы Францияның Маон қаласында өмір сүрген герцог өзінің аспазшыларына бір жаңаша тағам түрін ойлап табуын бұйырған екен. Сонда аспазшылар еш мүдірместен өсімдік майымен жұмыртқаны қоса отырып, тамаша тұздық түрін əзірлеген көрінеді. Міне, сол уақыттан бастап майонез дастарханымыздың сəніне айналды.

Майонез барлық адам сүйсініп жейтін ас түріне айналғалы қашан. Алайда бұған көп əуестенуге болмайды. Мысалы, сіз арықтауға бел шешіп кіріссеңіз, майонезді мүлде қолданбауға кеңес береміз. Майлылығы жоғары болғандықтан, артық салмақ қосып қоюыңыз ғажап емес. Aғзаңыз қатты қалап тұрған жағдайда сізге калориясы төмен майонез түрін тұтыну керек. Сонда артық салмақ қосудың алдын аласыз. Жоғары калориялы майонездердің құрамында түрлі компоненттер бар. Атап айтқанда, ұнтақталған жұмыртқа және құрғақ сүт. Бұлардың барлығы дерлік холестириннің көбеюіне себеп болады. Өнеркəсіпте əзірленген барлық майонез түрі тəбетті ашатыны рас. Құрамында түрлі қоспалар бар болғандықтан, ол өте дəмді. Мұндай майонездерді сіз күнделікті өмірде жиі пайдалана беретін болсаңыз, ішек флораларының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайсыз. Соның салдарынан асқазан мен ішек жолдары бұзылып, денсаулыққа айтарлықтай зиян келеді. Сондықтан, өнеркəсіп майонездерін пайдаланудан бас тартқан абзал.

Сурет: anna.dotfix.ru

Ж. Исакаев