Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Күннен қорғану

Күннен қорғану

Күннен қорғану

Нұрын шашқан күн - барлық тіршіліктің бастауы, жылу мен көктемгі көңілді сыйлайтын үлкен қуаныш нышаны. Алайда күннің астында тым көп уақыт жүрсеңіз, оның әсері теріс болмақ. Көктемнің ақырындап жазға ауып бара жатқан маусымында, арулардың басты мәселесі күннен қорғану болса керек. Сондықтан да жаздың ыстығын күтпей, қазірден бастап күннің сәулесінен қорғану шараларын қолға алыңыз. 

  • Құрамында SPF (sun protection factor) қорғанысы бар кремді қолдана бастаңыз. Оны таңдауға үлкен көңіл бөліңіз. Егер теріңіз нәзік, сезімтал болса, бетіңізде секпіл не мең көп болса, шашыңыз бен көзіңіздің түсі ашық болса, SPF  көрсеткіші максималды крем таңдаңыз, мысалға SPF50. Аққұба, шашы ашық қоңыр қыздарға SPF40 кремі дәл келеді. Ал дәл сондай аққұба бірақ шашының түсі қоңыр-қара, көздері қоңырқай қыздарға SPF30 қорғанысы жарайды. Қараторы, көздері мен шаштары қара қыздарға SPF15 кремі қажет. Алайда күннің әсері сіздің теріңіздің түсіне ғана байланысты емес, ультрафиолет сәулелері  тіпті қараторы қыздардың терісіне жаман әсерін қалдыра алады. Егер күніңіз кеңсе, не үйіңіздің ішінде өтіп, далада аз жүрсеңіз, SPF15 таңдасаңыз болады.
  • Қорғаныс кремін далаға шығуға 20-30 минут қалғанда жағып алыңыз. Осылайша крем теріңізге сіңіп үлгеріп, сізді расымен қорғай алады.
  • Кремді аямаңыз! Дерматологтар өткізген сараптама бойынша, қыздардың көбісі қажетті кремнің мөлшерінің жартысын жағады екен. Крем теріңізге түгел жағылғанына көз жеткізіңіз. 
  • Терідегі кремді жаңартып тұрыңыз. Егер күннің астында 2 сағаттан көп уақыт жүріп қалсаңыз, кремді қайта жағуыңызға кеңес береміз. 
  • "Киім киген жерге күн тимейді!" Бұл қате тұжырым. Киіміңіз еш уақытта сізді күннің жаман әсерінен толықтай қорғай алмайды. Мысалға, кәдімгі жеңіл жейденің SPF көрсеткіші 7. Жағажайдағы қолшатырдың да қорғанысы одан шамалы ғана артық. Сондықтан қалайша күйіп кеткенмін деп таңданып жүрмеңіз.
  • Теріңіздегі мең, қал, пигментті дақтарға ерекше көңіл бөліңіз. Ыстық күндері оларға абай болып, оларға механикалық зақым тимеуін қадағалаңыз. Ультрафиолет әсерінен қалдарыңыздың өзгеріп, қызарып, өсіп кетпегеніне көз жеткізіп отырыңыз. Теріс жағдайда дерматологтың көмегіне жүгінгеніңіз жөн болады.
  • Қосымша қорғаныс. Қалпақ осы маусымның ең сәнді заттарының бірі. Сондай-ақ ол бетіңізді күннен қорғай алады. Шаш қорғайтын сұйықтықтар, күннің астында көп жүргеннен кейін қолданатын кремдер - міне осының бәрі сізге қосымша қорғаныс болмақ.

Сурет: ehow.com.

4987 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 22 мамыр 2012, 14:37
Пікірлер
+0
22 мамыр 2012, 16:41

оооо, жақсы болды ғой мына кеңестер!

+0
22 мамыр 2012, 17:47

күнге аллергиясы барларға қандай кеңес бар?

+0
22 мамыр 2012, 17:47

күннен дегенім ғой

+0
22 мамыр 2012, 17:59

оларға дерматологпен кеңесу керек

+0
23 мамыр 2012, 11:21

дерматологтар ештеңе айта алмады. Аллергологқа сілтеді. Ал, олар тек последствиесімен ғана күресетін крем, мазьдар береді. Айтатын басты кеңесі - жабық киім ки, бетіңді жауып тұратын шляпа ки, күннің астында көп жүрме дегендер.

+0
24 мамыр 2012, 10:21

SPF 45 деген кандай,маган соны бир кыз айтып еди,бирак таба алмай журмин

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...