Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Бедеулік — ғасыр дерті

Бедеулік — ғасыр дерті

Бедеулік — ғасыр дерті

Қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың 25%-ының бедеулікке шалдығуына себеп не деп ойланып көрдіңіз бе? Мамандардың пайымдауынша, бұған себеп, әйелдердегі овуляциясының болмауы, не тұрақталмауы. Ұрпақ жалғастыру әр пенденің адами міндеті болып саналғандықтан, бұл мәселенің сізді де айналып өтпейтіні туралы ойлану керек. “Сақтықта қорлық жоқ” деп сақтана білген ата-бабаларымыздың ескі қағидасын ұстана отырып, бедеулікке жол бермеудің жолдарын бірге қарастырып көрелік.

Ғылыми ізденіс: бала көтеру үшін тиімді диета

Бала көтере алмай жүрген әйел адамдар өздерінің тамақтану тәртібін қадағалауы керек. Гарвард университетінің ғалымдары әйелдің құрсақ көтеруі үшін пайдалы тағамдардың тізімін жасаған. Тәжірибе нәтижесінде, жүкті болуда пайдасы тиетін тағамдар анықталды. Сол кеңестерді өздеріңізге ұсынамыз.

“Кеңестер” тамақтану режиміне өзгерістер енгізуден басталады...

Тауық етін Тофу ірімшігіне алмастырыңыз. Әйгілі диетолог-маман Чаварроның айтуына қарағанда, овуляция алдында ұрықтың пайда болуына ағза құрамындағы темірдің берер пайдасы мол. Көп астың құрамында кездеспейтін, ағзаға қажетті темір Тофу деп аталатын ірімшіктің құрамында көп. Егер тәбетіңізге қарай, артық асты қабылдай алмайтын болсаңыз, күнделікті тауық етін Тофу ірімшігімен алмастырыңыз.Тофу — ең пайдалы сұйық ірімшік.

Тәтті тағамдар да жүкті болуға кедергі болуы мүмкін. Себебі, тәтті ұн тағамдарынан денеге артық салмақ қосылып, етеккірдің келу мерзімі өзгереді. Соның әсерінен гормондар жүйесінде бұзылып, құрсақ көтере алмаудың тағы бір себебі шығады. Сол үшін тәтті жегіңіз келсе, сүзбе не болмаса, мюслиді пайдаланғаныңыз абзал.

Түймебұршақты жасымықпен алмастырыңыз. Егер түймебұршақты (фасоль) да пайдалануға ерекше құмар болсаңыз, бала көтеруде қиындықтар тууы ықтимал. Ал жасымық (чечевица) ағзаға одан әлдеқайда пайдалы. Сондықтан, құрсақ көтеруді жоспарлап жүрсеңіз, аталған азықты тамақ мәзіріңізге қосыңыз. Құрамында фоли қышқылы бар дәрумендер кешенінен овуляция проблемасын 40-60%-ға азайтуға болады. Фоли қышқылынан дайындалған дәрумендерді қабылдап отыру тиімді.


 Майсыз йогуртты балмұздақпен алмастырыңыз. Қаймағы алынбаған сүттер құрамында эстроген мен прогестерон мөлшері көп болады. Бұл қоректік заттардың көп болуынан ұрықтануға мүмкіндік те көбейе түстетіні дәлелденген. Егер сәби сүйгіңіз келсе, қаймағы алынбаған сүтті тағамдарды күнделікті пайдаланып отырыңыз. Ол балмұздақтың құрамында болады. Жыл мезгіліне қарамастан, балмұздақ жеу қажет. Бұл тәттіден де ағза өзіне пайдалысын алады. Ал бала көтергесін, балмұздақты доғаруға тура келеді. Біріншіден - майлы, екіншіден - салқын. Бала күтіп жүрген әйел үшін салқын тамақ жеу қауіпті. Сонымен қатар, тым майлы өнімдер де жүкті әйелдің денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.

Суреттер kpoxa.info, artleo.com сайттарынан алынған

6345 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 07 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
08 қаңтар 2012, 16:22

Ана атану - әрбір қыздың арманы мен парызы, иә?!

+0
10 қаңтар 2012, 10:37

Осы тақырыпта тағы қандай кеңестеріңіз бар? Өтініш, соны жазсаңыздар. Рахмет.

+0
19 қаңтар 2012, 16:04

ИншаАЛЛАһ, жазамыз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...