Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Қорылсыз өмір бар

Қорылсыз өмір бар

Қорылсыз өмір бар

Қорыл - адам баласының бойындағы ең жағымсыз қасиеттердің бірі. Қорылға негізгі себеп – жұмсақ таңдайдың босаңсып, салбырап кетуі салдарынан ауаның еркін өте алмауы.

Әсіресе, бұл жағымсыз дыбыс айналамыздағы адамдарға өте қатты зиянын тигізіп жатады. Сіздің қорылыңыз әйеліңізді мезі етіп, ажыраспақ болды ма? Немесе осы әдетіңізден қашып, өзге бөлмеде ұйықтап жүр ме? Қорыл достарыңызды, бауырларыңызды ашуландырып, жалықтырып бітті ме? Олай болса, төмендегі кеңестер сіз үшін!

Дәрігердің көмегінсіз қорылдан мынадай шараларды жасау арқылы құтылуыңызға болады:

● Ұйықтағанда қорылдамау үшін жұмсақ таңдайды шынықтыратын жаттығулар жасау керек. Ол үшін «и» дыбысын жұтқыншақ, таңдай, мойын бұлшық еттерін керней отырып, созыңқырап, бірнеше рет қайталап айту керек. Мұндай жаттығуды таңертең және кешке 25-30 реттен қайталаған жөн. Осындай жаттығуларды күн сайын үзбей жасаса, жарты айдан соң жағымсыз қорылдан біржола құтылуға болады.

● Адам арқасымен ұйықтап жатқанда, көп қорылдайды. Арқаңызбен жатпай, жатысыңызды өзгертіп көріңіз, бұл шарадан кейін қорылдың басылуы мүмкін.

● Егер салмағыңыз шамадан тыс көп болса, арықтауға тырысыңыз.

● Шылым шегуді тастаңыз немесе тым болмағанда ұйықтар алдында екі сағат бұрын шекпеуге тырысыңыз.

● Ұйықтар алдында қомақты мөлшерде ішімдік ішпеңіз.

● Ұйықтағанға дейін 3-4 сағат бұрын тамақтанып алыңыз.

● Жастанатын жастығыңыз жайлы болсын.

● Ұйықтайтын бөлмеңізде ультрадыбысты ауа дымқылдатқышты қолданыңыз, бұл әсіресе жылу қосылатын қыс мезгілінде қажет.

● Ұйықтайтын бөлмеде гипоаллергенді орта қалыптастырыңыз: кілемдерді тазалап, өсімдіктерге аллергияңыз болса, бөлмеде қалдырмаңыз, бөлмеге жануарларды кіргізбеңіз, жүннен, қауырсыннан тұратын емес, заманауи табиғи немесе синтетикалық материалдардан тігілген жастықтар мен жамылғыларды пайдаланыңыз.

Егер осы шараларды жасап көргеннен кейін нәтиже көрінбесе, дәрігерге жүгінгеніңіз жөн. ­­Өйткені бұл жай ғана қорыл емес, аноэ синдромы (ұйықтағанда дем алу қиындықтары) сырқаты болуы әбден мүмкін.

Сурет da-med.ru.

7203 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 сәуір 2012, 14:31
Пікірлер
+0
03 сәуір 2012, 23:48

сонда кез келген адам корылдайма не???

+0
04 сәуір 2012, 03:12

Йа.кез келген адам корылдайды мысалы кей кезде адам катты берилп жумысып жасап шаршап уйыктар болса корылдауы мумкин :roll:

+0
04 сәуір 2012, 18:51

Қорылдау деген жаман әдет қой, менің құрбым кейде ұйқы бермей шығады түнімен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...