Жаза білгендей жүзе білу керек

Жаза білгендей жүзе білу керек

Әр жыл сайын суға батып қаза болатын 750 баланың тең жартысы ата-анасынан 20 метр қашықтықта жүзіп жүріп-ақ су астына кетіп жатады. Кейбір ата-аналар балаларының батып бара жатқанын байқамай бақылап тұра беруі де мүмкін. Осындай оқиғалар қайталанбас үшін мақаламыздан суға батып бара жатқан адамдардың белгілері қандай болатынын оқып оқыс жағдайдың алдын алыңыз.

Капитан үстіндегі киімін шешпестен суға секіріп түсіп, дереу жүзді. Бұрынғы құтқарушы ретінде батып бара жатқан адамнан көзін алмай қайық пен жағажайдың арасында жүзіп жүрген қос ғашыққа қарай беттеді. «Менің ойымша, ол сені суға батып бара жатыр деп ойлады», - деген сөздерді айтып ер адам әйеліне қарады. Екеуі бағанадан бері су бүркіп ойнап, енді жәй ғана судан бастарын шығарып қимылсыз тұрған еді. «Бізде барлығы дұрыс қой, оның мұнысы несі?», - деп әйелі мазасыздана сұрады. «Бізде барлығы дұрыс!»  деп айқайлаған сөздерге қарамастан капитан соларға қарай жүзе берді. Қастарына жақындап келіп «жолдан былай тұрыңдар!» деп небары 3 метр арақашықтықта батып бара жатқан 9 жасар қыздарын құтқарып алды. Капитан судан шығарған кезде бала «Әкетай!» деп жылап қоя берді. 

3 метр ара-қашықтықта батып бара жатқан қызын әке-шешесі байқамағанда, 15 метр арақашықтықтан капитан қалай байқады екен? Адам батып бара жатқан кезде дауыс шығарып көмекке шақыра алмайды. Сол себепті қыз «әкешім!» деп айқайлағанға дейін бірде-бір дауыс шығарған жоқ. Бір шетінен әкесі теледидарда батып бара жатқан адамның айқайлай алатындығын айтқан.  Ал капитанды батып бара жатқан адамды сүңгушілерден ажырата білуге мамандар үйреткен. «Жағажайда ұзақ жылдар бойы құтқарушы болып қызмет жасағандықтан мұндай оқиғамен алғаш рет кезігіп тұрғаным жоқ. Теледидарда көрсететіндей батып бара жатқан кезде көмекке шақыру, қолды сермеу дегендер шынайы өмірде сирек кездеседі», - дейді капитан. Жағажайға демалуға барсаңыз, суға сүңгімес бұрын айналаңыздағылардың батып бара жатқан адамды тани алатындығына көз жеткізіңіз.

«Суға батып бара жатқан адамның бірден жүзеге асыратын реакциясын» Франческо Пиа (Francesco A. Pia) түсіндірді. Өзінің «On Scene» журналына берген мақаласында дәрігер Пиа суға батып бара жатқан адамның реакциясын тізіп көрсетеді:

1. «Кездейсоқ жағдайлар болмаса, батып бара жатқан адамдардың көмекке шақыруға физиологиялық мүмкіндіктері жетпейді. Тыныс алу жүйесі тек ауамен тыныс алуға арналған. Сөйлеу – оның екінші қызметі. Ал сөйлеу үшін көбірек ауа жұтып алу керек.

2. Батып бара жатқан адамның аузы алма-кезек су астына кіріп-шығады. Және су үстінде болса да, ауаны қажет мөлшерде жұтуға мүмкіндігі болмайды.

3. Суға батып бара жатқан адамдар назар аударту үшін қолдарын жоғары көтере алмайды. Олар оны судан итерілу мақсатымен ғана жан-жаққа сермейді. Мұндай іс-әрекет су бетіне шығып, ауа жұтып алуға ғана мүмкіндік береді.

4. Табиғи түйсіктеріне сәйкес батып бара жатқан адамдар қолдың қимыл қозғалысын бақылай алмайды. Бар ойлары судың бетінде қалқып тұру болғандықтан,  қол сермеп, құтқарушыларға жақындауға да физиологиялық мүмкіндіктері шектеулі.

5. Аяқтарымен қимылдар жасауға қорқып, судан шықпайынша тікесінен тік тұрады. Мұндай жағдайда құтқарушылардың тек 20 секундтан бастап 60 секундқа дейін уақыты бар.

Бірақ, жоғарыда айтылғандар қолын сермеп көмекке шақырса, сізді алдап жатыр деген сөз емес. Адамның қол сермеп көмекке шақыра білуі су астындағы үрейдің әсерінен де болуы мүмкін. Дәл осылай көмекке шақыра білген адамдар құтқарушыларға да септігін тигізіп құтқарушы шеңберді пайдалана алады.

Суға батып бара жатқан адамның белгілері:

- Басы толықтай суға кіріп, тек аузы жоғары қарап тұрады;

- Басы артқа қарай шалқайыңқырап, аузы ашылып тұрады;

- Көздері еш қозғалыссыз;

- Кейде көздері мүлдем жабық болады;

- Шаштары маңдайын немесе көздерін жауып тұрады;

- Аяғын еш қимылдатпай, тігінен тұрады;

- Қайта-қайта тыныс алады;

- Бір бағытта жүзуге тырысқанмен, әрекеттері нәтижесіз;

- Шалқаюға ұмтылады;

- Сырт көзге жіп арқанға өрмелеп бара жатқандай көрінуі мүмкін.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: doktor.kz

Қ. Бүйенбай