Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Ара шаққанда не істеу керек?

Ара шаққанда не істеу керек?

Ара шаққанда не істеу керек?

Қазір өсімдіктер гүлдеп тұрған кез, сол себепті түрлі шыбын-шіркей мен жәндіктер көбейіп кетті. Жаздың тағы да бір жағымсыз жағы да осы. Мазаңды алатын жәндіктер былай қойып, шағып, зиян тигізе алатын араға тоқталайық. Сонымен, сізді ара шағып алды. Не істеу керек?           

Көбіміз ара шағып алғанда дәрігердің көмегіне жүгінбей, ерекше дәрі қабылдамаймыз. Тіпті бетін суықпен баспай, еш шара қолданбайтындар да бар. Бірақ бұл дұрыс емес. Шағылған жерге қарапайым күтім жараның тез сауығуына көмектесіп, жағымсыздық сезімінен сақтайды.         

Сонымен, егер ара шағып алса сізге марганец ерітіндісі (марганцовка), мұз, түймедағы мен ақжелек (петрушка) қажет болады.           

1-Қадам                                     

Біріншіден, жараның ішінде қалған араның бізгегін шығару кере. Ол үшін сізге пинцет немесе ине қажет болады. Қол астында бұндай көмекші құралдар болмаған жағдайда бізгекті саусақтарыңызбен шығарып көріңіз, бірақ бізгекті одан әрі терең итеріп тастамаңыз. Әрине ара шағып алған жерді және пинцет, ине немесе саусақтарыңызды алдын ала сумен немесе сутек тотығымен тазалаңыз.     

2-Қадам                                      

Марганец ерітіндісін суға ерітіңіз. Жылы суға калий перманганатын (марганцовка) салыңыз, судың түсі қызыл-күлгін болуы керек. Ерітіндіні мұқият араластыру керек. Осы ерітіндіге мақтаны малып, шағылған жерді сүртіңіз. Марганцовканың орнына сутек тотығын немесе тұздалған су қолдануға болады. Қол астында бар заттарды қолданыңыз.

3-Қадам                                    

Шағылған жерге мұз кесегін басыңыз. Ол жараның ісінуін кемітеді. Дәрі қобдишаңыздан белсендірілген көмір табылса, оның 3 дәрісін майдалап, 1 шай қасық су қосып, араластырып, жараның бетіне жағыңыз. Бетін дәкемен жабыңыз. Осылайша шағылған жердің уы тезірек кетіп, ісінбейді.    

4-Қадам                                         

Енді жараны іштей емдеу керек. 1 шай қасық кептірілген шайқурай (зверобой), қырмызы (календула), түймедағы не шалфей өсімдіктерін 1 стақан қайнаған сумен араластырып, 15-20 минутқа қойыңыз. Ерітіндіні сүзіп, жартысын бірден, екінші жартысын 1 сағаттан кейін ішіңіз.    

5-Қадам                                             

Кейбір жағдайда шағылған жер қызарып, қатты ісіп кетеді. Ісікті басу үшін, балғын ақжелек жапырақтарын майдалап, үстіне қайнаған су құйыңыз. Суыған кезде қайнатпаға таза мата не дәкені малып, жараның бетін басыңыз.     

Ара шаққаннан кейін өзіңізді нашар сезініп, жүрегіңіз айнып, қызуыңыз көтеріліп, дем алумен қиындықтарыңыз болса, тезірек дәрігердің көмегіне жүгінгуіңіз керек. Бұл аллергияның белгілері болуы мүмкін.   

Сондай-ақ, табиғат аясына демалысқа шыққанда түрлі әтірлер мен иісі өткір косметикалық заттар қолданбай, тым жарқын түстерге киінбеңіз, бұл аралардың көңілін қызықтыруы мүмкін.    

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: buzt.net 

12247 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 26 маусым 2013, 15:46
Пікірлер
+0
26 маусым 2013, 16:23

араның шаққанынан аллергиясы бар адамдар бар екенін естігенде таңқалдым, оларға деп кезінде больницаға бармаса өліп кетеді екен. Жазда банан жемеу керек, жесең ара талайды

+0
26 маусым 2013, 16:41

банан туралы бірінші рет естуім, рахмет, есте сақтау керек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Менен сізге 7 кеңес
Менен сізге 7 кеңес

...есімнен адасатын шығармын...

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын
Музыкамен сырласып, мұңдасамын

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы...


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...