Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Тамақпен бірге су ішкен дұрыс па?

Тамақпен бірге су ішкен дұрыс па?

Тамақпен бірге су ішкен дұрыс па?

Тамақтан кейін не қатар су немесе шай ішуге болмайды. Көптеген диетолог мамандар осындай кеңес береді. Бірақ ол қаншалықты дұрыс? Шынымен де тамақпен бірге су не шай ішуге болмай ма?   

Бұл ұстаным көп жағдайда орынды әрі дұрыс. Алайда әр ереже сияқты бұның да өз ерекшеліктері бар.

Көп жағдайда біз әдеттеніп қалғанымыз үшін тамақпен бірге су не шай ішеміз. Ал тағамнан кейін тәттілерді шаймен ішу тіпті күнделікті дәстүрге айналды. 

Біріншіден, тағамнан кейін бірден су не шай, шырын ішкен неліктен зиян екенін түсінейік. Бір қарағанға қауіпсіз көрінетін бұндай әдет асқорыту жүйесінің зақымдануына әкеле алады екен. Біз тамақтанып отырғанда, асқазанымызда тағамды қорыту үшін арнайы сөл бөлінеді. Ал біз тамақпен қатар сусын ішкен кезде, ол асқазанның сөлімен араласып, нәтижесінде астың дұрыс қорытылуына кедергі болады. Тамақ ұзағырақ қорытылып, оның пайдалы қасиеттерін ағзамыз нашар қабылдайды. 

Айта кетсек, тамақты қорыту процесі ауызда басталады. Адам аузында бөлінетін сілекей тамаққа әсер етіп, оны қорыта бастайды. Әлемге танымал диетолог ғалым Герберт Шелтон тамақпен бірге ішілетін су не шай адам ауызындағы сілекейді ерітіп, оның тамақты қорытуға көмектесіуне бөгет болады деп санайды.

Диетологтардың айтуынша су, шай не басқа сусындарды асқа отыруға жарты сағат қалғанда ішіп алған дұрыс. Ал тамақтанып болғаннан кейін бір сағат бойы еш сұйықтық ішпеген дұрыс. Әрине бұл ереженің өз ерекшеліктері бар. Мысалға, өте құрғақ тағамды жегенде, кішкене су ішуге болады.

Бұл ереже бұрыннан бері баршамызға белгілі болса да, оны ұстану оңай емес. Көбіміз тамақты шаймен не сумен қабылдауға үйреніп кеткенбіз. Мына кеңестер тамақтанғанда су не шай ішіп отыру әдетінен арыла алмаған жандарға арналады:

  • Асыңызды тек жылы (ыстық және суық емес) сусынмен бірге ішіңіз. Суық су мен сусындар тағамның асқазаннан тез кетуіне көмектеседі, нәтижесінде астың бәрі дұрыстап қорытылып үлгермейді. Тез босаған асқазан біраздан кейін қайта тамақ сұрай бастайды. Ал дұрыс қорытылмаған, бірақ ішекке түскен тамақ ашып, іріп-шіруі мүмкін. Ал бұл денсаулыққа өте зиян болады. Суық сусындарды майлы тағаммен жеген ең қауіпті – бұл панкреатит ауруына шалдықтыра алады.
  • Асқа отыруға жарты сағат қалғанда жеміс не көкөніс шырынын ішіңіз. Әрине өзіңіз үйде жасаған шырын мінсіз ас болар еді. Шырын шөліңізді қандыратындықтан, тамақтың артынан су ішкіңіз келмейді.
  • Таңертең оразаңызды бір стақан қарапайым сумен ашыңыз. Бұл ағзаға оянуға көмектесіп, асқорыту жүйесін іске қосады. Осы ережені әдет қылып алғаныңыз денсаулығыңызға өте пайдалы болады.
  • Тамақпен бірге тәтті газдалған сусын, тәтті шырын, қант қосылған шай ішпеңіз. Олардың құрамындағы танин заттары астың қабылдануын кемітеді. Тамаққа түйілгендей болсаңыз, өзіңізге тек су ішуге рұқсат беріңіз.
  • Тамақпен бірге сүт ішпеңіз. Ол асқазанда сөлмен әрекеттесіп, нәтижесінде іриді.
  • Жалпы қышқыл сүт өнімдерін (ішуге болатын йогурт, тәтті, шоколадты сүт) сусын ретінде емес, тағам ретінде қарастырған дұрыс. 

Астарыңыз дәмді, дендеріңіз сау болсын!

Ал сіз тамақпен бірге су не шай ішесіз бе?                

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: kaknam.com

12032 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 05 маусым 2013, 16:25
Пікірлер
+0
05 маусым 2013, 17:23

Мен тамақ алдында, тамақ бірге суық су ішем. Демек, дұрыс емес деші. Алдында осыны маған айтып еді мән бермегем

+0
05 маусым 2013, 17:27

ой құрсынш қалай отырасың іше алмай қаталап::

+0
06 маусым 2013, 01:07

Су ишип алам сосын тамактанам.Бирак ыстык шай ише алмаймын.Кери сутпен шай ишуди уйрену керек боп жур.

+0
06 маусым 2013, 22:20

Тамақты жұту үшін шайнауға ерінетіндер сусын ішеді ғо көбіне.)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...