Ерлерге кеңес: Бет терісін күту жолдары

Ерлерге кеңес: Бет терісін күту жолдары

Көп ерлердің бет терісі өте майлы болмайды. Сондықтан бет терісінің сыртына шаң-тозаңдар оңай жұғады да, тері түтікшелері бітеліп қалып, тері ауруларын оңай тудырады. Сондықтан да ерлер өздерінің бет терісін физиологиялық ерекшелігіне қарай қорғау керек.

  1. Бет жууға көңіл бөлу. Егер бет терісі құрғақ болса, онда бетті суық сумен жуып, теріні тітіркендірген жөн. Бұлай істеу қан айналысын жақсартып, теріні қорғайды. Егер бет терісі майлы болса, орамалды ыстық суға салып, бетті бірнеше рет сүртіп, одан соң, иісті сабынмен жуған жөн. Бұлай болғанда, терінің жылтырлығы артып, құрғап немесе босап кетудің алдын алады.
  2. Ерлер әдетте тамаққа көп көңіл бөлмейді. Үнемі сыртта жүретіндіктен, уақытылы тамақтанбайды. Көбінде ащы-тұщы тағамдармен азықтанады. Сондықтан да терінің қышқылдығы артып, түрлі тері ауруларына шалдығады. Ұсақ тері ауруларын әдетте олар байқай да бермейді. Сондықтан азықтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Дәрумендері мол өсімдік тағамдарын тұтынған дұрыс. Арақ пен темекінің де теріге тигізер зияны көп.
  3. Демалыс пен көңіл-күйдің тұрақсыздығы әйелдерге қарағанда, ерлерде басымдау. Оңай көңілсіз болу, қанып ұйықтамау, ашулану секілділердің бәрі де тері ауруларының себепкері бола алады.
  4. Сақал-мұрт тазалығына ерекше көңіл бөлу. Шаң-тозаң мен бактериялар сақал-мұртқа үйір келеді. Сақал-мұттың тазалығын сақтап, оны уақытылы алып тұрған дұрыс. Ал алынған сақал-мұрттың орнына тері құрамының майлы-құрғақтығына қарай крем қолданыңыз.
  5. Ерлер бет терісіне қолданар кремдердің құрамына көп үңіле бермейді. Бет терісіне құрамы сәйкес келмейтін кремдердің зияны тіпті де ауыр. Сондықтан, сатып аларда сол орыннан кеңес сұрағаныңыз абзал. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: mail.ru

Қ. Қауымбек