Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Оскар-2012: Ең сәнді көйлек

Оскар-2012: Ең сәнді көйлек

Оскар-2012: Ең сәнді көйлек

Лос-Анджелес қаласында Америка киноакадемиясының 84-салтанатты марапаттау кеші өтті. Ең үздік актриса - Мерил Стрип болса, Үздік актер атағын Жан Дюжарден иеленді, ал "Артист" фильмі үшін Мишель Хазанавичус үздік режиссер атанды. Алайда, тағы бір сый берілмей қалды. "Кештің ең сәнді киімі" номинациясында кім жеңер екен? Бұны шешетін - сіздер. 


Анджелина Джоли, Versace Atelier

Анджелина Джоли мен Бред Питт марапаттау рәсіміне кешігіп келді. Сірә, Анджелина көйлегін ұзақ таңдаған болар. Оның таңдауы - Atelier Versaceдан мақпал қара көйлек, сондай-ақ ол кеш үшін шашын жаңа түске бояпты. 


Мерил Стрип, Lanvin

"Тізесі шығып кеткен" "оскарлық" түс таңдаса да, Мерил Стриптың Lanvin көйлегі өте сәнді көрінді.


Натали Портман, Christian Dior (винтаж, 1954 жыл)

Натали Портман Christian Dior сәнді үйіне әлі де адал. Өткен жылы үздік актриса атанған ол бұл кеш үшін классикалық винтажды көйлек таңдаған екен. Қызыл түсті, қара бұршақты осындай көйлектер Портманға тән. Осындай көйлек пішіндеріне құмарлық оның бойынан бұрын да байқалған.  


Гвинет Пэлтроу, Tom Ford

Гвинет Пэлтроу бәрінің алдына Tom Ford ұсынған ұзын ақ көйлек пен ақ жамылғыда шықты. Актрисаның киімін кештің ең сәнді үлгісі деп атап та кетті.   


Пенелопа Крус, Giorgio Armani

Пенелопа Крус осы жолы түтінді көгілдір түс таңдады. Armani Prive көйлегін киген сұлу Chopard зергерлік бұйымдарын тағып келді.


Дженнифер Лопес, Zuhair Murad

Джей Ло таңдаған мына көйлек тым ашық көрінді. Дегенмен, талғамға талас жоқ.


Камерон Диас, Gucci Premiere

Кэмерон Диасқа мына ашық түсті Gucci көйлегі жарасып-ақ тұр.


Мила Йовович, Elie Saab

Мила Йовович марапаттау рәсіміне қардай ақ Elie Saab көйлегінде келді.


Сандра Баллок, Marchesa 

84-салтанатты марапаттау кешіне Сандра Баллок екі түсті Marchesa көйлегін таңдапты. Ерекше оюы бар бұл көйлектің ашық арқасы да тартымды көрінеді. 


"Ең сәнді көйлек" марапатын Сіз кімге берер едіңіз?

Суреттер: Splash/AllOverPress; Getty/Fotobank.ru

36088 22
Рейтинг: +1

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 28 ақпан 2012, 09:00
Пікірлер
+0
28 ақпан 2012, 10:21

Пенелопа Крустің көйлегіне дауыс берем ) Дегенмен, сәл ашық түсті болғанда одан да әдемі көрінер еді )

+0
28 ақпан 2012, 10:53

Дженнифер Лопес-тің көйлегіне даусымды беремін. Керемет сөз жоқ!!!

+0
28 ақпан 2012, 11:25

Ашық-шашық көйлекке неге қызығады екен осы қазақтың қарадомалақ қыздары????

+0
28 ақпан 2012, 11:27

Унамаса қарамаңыз! Оте керемет мата екени коринип тур, маган унайды , ол менин пикирм , араласпаныз, отнинш.

+0
28 ақпан 2012, 11:32

Ол сенің не тенің? Голливудтың арсыз әйелдерінен қандай тәрбие алмақсыңдар???

+0
28 ақпан 2012, 10:57

Портманның қызыл көйлегі ұнап тұр)

+0
28 ақпан 2012, 11:26

не болса да қазақ қыздарына лайықты емес!!

+0
28 ақпан 2012, 11:30

Пенелопа Крустің көйлегі әдемі, өзіне жарасып-ақ тұр.

+0
28 ақпан 2012, 11:33

Ондай әдемі тоқалдарға бәрі жарасады!!! Саған ше?

+0
28 ақпан 2012, 11:37

Гвинет Пэлтороудың көйлегі әдемі, өте нәзік. )

+0
28 ақпан 2012, 11:44

Аппақ киім кез келген адамға жарасады!

+0
28 ақпан 2012, 12:53

Гвинет Пэлтроудың көйлегі ұнады. Тек артындағы артық мата шапан сияқты көрінеді. Соны алып тастаса тіптен қатып кетер еді. ))

+0
28 ақпан 2012, 13:06

Милла))

+0
28 ақпан 2012, 16:24

Гвинет Пэлтроуға дауыс беремін!

+0
28 ақпан 2012, 17:59

Натали Портман көйлегі әдемі, Джей Лоның көйлегі өзіне тема жарасады :)

+0
28 ақпан 2012, 21:08

маган барлыгы да унады,бирак даусымды Анджелина Джоли-дин койлегине берем

+0
28 ақпан 2012, 21:57

1Дженнифер 2Гвинет 3Мила 4Анджелина 5Камерон

+0
29 ақпан 2012, 10:04

ДжейЛо мен Пенелопа Крус "бас бармағым жоғары смайылы"

+0
03 наурыз 2012, 11:18

Дженнифер Лопес көйлегі жаксы)))

+0
16 наурыз 2012, 11:19

Бәрінің көйлектері әдемі бағасы да ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

+0
02 сәуір 2012, 01:13

Мила Йовович, Elie Saab

+0
19 мамыр 2012, 19:32


Гвинет Пэлтроу керемет көйлек :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...