Сәнді гаджет аксессуарлары

Сәнді гаджет аксессуарлары

Ерекше көрінгіңіз келеді ме? Ол үшін келбетіңіздегі барлық ұсақ-түйектерді ескеріп жүру керек. Аксессуарлар - сәнді де сымбатты көрінудің бірден бір амалы. Ал заманауи болу үшін, өз гаджеттеріңізге де аксессуарларды талғаммен таңдаңыз.

Үйреншікті қара құлақшындардан бас тартып, сіздің ерекшелігіңізді көрсететін түрлі түсті құлақшындар таңдаңыз.

Ноутбукты да қара сөмкеге салмай, өрнекті, әдемі түстерде орындалған қап алыңыз. Мысал үшін трендті принттелген түрін таңдасаңыз болады.

Ұялы телефонның қабын ауыстыру - көпшіліктен ерекше көрінудің ең оңай жолы.

Заманауи қыздың iPad-ы не басқа да планшеті болады. Оған сәнді қап киіндірмеу - қылмыс! Жарқын түсті түрлерін таңдаңыз.

Электронды кітап - өте ыңғайлы және пайдалы бұйым. Оны сәндеп, осындай қап кигізсеңіз болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: pocket-lint.com, thefashionspot.com

С. А