Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Сұлулар ұстанатын қарапайым 5 уәде

Сұлулар ұстанатын қарапайым 5 уәде

Сұлулар ұстанатын қарапайым 5 уәде

Көптеген нәзік жандылар өздеріне "Жаңа жылда жаңа өмір бастаймын": "Тек пайдалы өнімдерді тұтынамын", "Фитнес-клубқа жазыламын", "Аптасына бір кітапты оқып бітіремін" сынды уәделерді жиі береді. Бірақ оны орындауға келгенде, еріншектік танытады немесе "шамасы келмейді". Ал сұлулық үшін ерінуге болмайды. 

Күннен-күнге сұлу бола түскіңіз келсе, мына қарапайым ғана уәделерде тұрыңыз!

"Мен күн сайын ұйықтар алдында бояуларымды жуып жатамын!"

Егер сіз денеңіз бен теріңіздің сау болғанын қаласаңыз, онда ешқашан да боялған бетпен ұйықтап қалмаңыз. Түсінеміз, тойдан не отырыстан келген соң төсекке құлай салғыңыз келеді. Бірақ бояуларды өшіріп тастауға аз-ақ уақыт кетеді ғой. Тіпті боянбағанның өзінде, бөлмедегі не көшедегі шаң бірден сіздің бетіңізге жабысады. Сонша артық микробпен қалай тынығуға болады? Сол үшін "Мен күн сайын ұйықтар алдында бояуларымды жуып жатамын!" деп өз-өзіңізге уәде беріңіз!

"Бетіме скраб жағып тұруды доғармаймын"

Сіз орта жастағы әйел адамның бет терісінде 30 қабат өлі жасуша болатынынан хабардар емес сияқтысыз? Скраб бетті жақсы тазартады. Сонымен қатар, кремнің сіңуіне көмектеседі. 

"Қолыммен бетімді ұстамаймын!"

Қандай жағдайда да бетті қолмен ұстай бермеуге тырысыңыздар. Беттегі дақтар мен ісіктер қолдағы микробтардан пайда болады. 

"Шашымды күн сайын жуа бермеймін"

Майланып кетеді демесеңіз, бір күнде шаш кірлеп кетпейді ғой. Шашты қайта-қайта жуа беру зиян екендігін білетін де шығарсыз.

"Майлы тағамды көп жемеуге тырысамын"

Майлы тағамнан аулақ болыңыз. Егер артық салмақ қосқыңыз келмесе, басқа-басқа осы осы уәдеңізде тұрыңызшы!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: look.tm

7159 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 15 қаңтар 2013, 14:31
Тегтер: сән, сұлулық,
Пікірлер
+0
15 қаңтар 2013, 16:04

Өте дұрыс

+0
15 қаңтар 2013, 16:12

Еееее, содан екен ғой бетімдегі дақтар. Бетімді ұстай беремін негізі. Түсіндім.

+0
15 қаңтар 2013, 17:11

Скрабты ғана қолданбайды екем

+0
15 қаңтар 2013, 19:32

дұрыс-ақ

+0
16 қаңтар 2013, 13:00

Болды, скраб алам!

+0
16 қаңтар 2013, 13:22

скраб аламын да басында жағамын да, уақыт өткен соң қалады сол күйі) Күнде жұмыстан келе сала бетімді жумасам, одан соң ерініп жүріп қалам. шашымды 3 күнде бір рет жуатынмын, енді 2 жетіде 3 рет жуып үйреттім. Майлы тамақ жей алмаймын, асқазақым қыжылдайды. Ал бетімді ұстамай жүре алмаймын :roll: жақсы кеңестер екен!

+0
20 қаңтар 2013, 13:53

"Қолыммен бетімді ұстамаймын!" мен ұстамасамда басқалар жұмсақ деп күн бермейді :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Хандардың ойыны
Хандардың ойыны

қазақтың ұлттық ойындар қатары толығып жатыр

Автор: Ұлжан Лайық
Гарри Поттер кітабы туралы...
Гарри Поттер кітабы туралы...

Сіз білмеген қызықты мәліметтер

Əлеуметтік желі...
Əлеуметтік желі...

Виртуалды өмір...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...