Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Биліктегі талғампаз әйелдер

Биліктегі талғампаз әйелдер

Биліктегі талғампаз әйелдер

Көптеген журналдар ең талғампаз әншілердің, актерлердің жалпы танымал адамдардың топтамасын жариялап жатады. Алайда, ifamous.me сайты бүгін басты назарды биліктегі немесе оның төңірегінде жүрген талғампаз әйелдерге аудару мақсатында «Биліктегі талғампаз әйелдер» атты ерекше топтама жасап шығарды.

Бұл тізімнің көшін АҚШ елінің бірінші ханымы – Мишель Обама бастап тұр. Өз елінің нағыз патриоты Мишель Oscar De La Renta, Jason Wu, Michael Kors және Tom Ford секілді әйгілі модельерлерден, сонымен қатар Barbara Tfank, Piter Soronen, Doo-Ri Chung, Thakoon сыны жас дизайнерлерден киінуді қалайды екен. Айтпақшы, білмегендердің құлағына алтын сырға – Vogue журналының америкалық нұсқасының алғашқы бетіне АҚШ-тың тек екі бірінші ханымы түскен. Олар – Мишель Обама мен Хиллари Клинтон.

Клинтон ханымның стилі – консерваторлық. Дегенмен Донателла Версаче мен Анна Винтулардың экс-бірінші ханымды сынға алуларына қарамастан, Клинтон ханым өзінің сүйікті шалбарлы костюмі мен аласа өкшелі туфлилеріне адалдығын білдірді.

Испан ханшайымы Летиция Elle журналы бойынша "Испан модасының үздік елшісі" атанған. 

Валери Триервейлер – Франция президенті Франсуа Олландтың жары. Ол өзінің ізашарына қарағанда, классикалық киімдерге аса мән береді.

Беатрис ханшайым лондондық колледжде өнер және дизайн мамандығын игерген. British Fashion Awards салтанатына корольдік отбасының өкілі ретінде тек Беатрис қана қатысқан.

Королева Елизавета ІІ – кербездіктің шынайы үлгісі. Ұлыбритания королевасының күн сайынғы образын жасауда 3 адамнан құралған стилистер тобы еңбектенеді. Олар ашық түсті киімдерге жіті мән беріп, киімге сәйкес бас киім, аяқ киім және де орамал таңдайды.

Сәнқой мамандар Уилльям ханзаданың жары - герцогиня Кэтриннің жүкті әйелдерге арналған көйлекте қалай көрінетінін болжаумен болғанда, сәнқой сыншылар Кэтриннің түрлі салтанатты кештерге бір киіммен барғаны үшін оны талай рет сөгумен болды. Макияжын, аяқ киімін оңды бағаламағанына қарамастан, Кэтрин өзінің жарқын күлкісі арқылы таспен ұрғандарды аспен ұрды.

Монако княгинясы Шарлен шаш сәнін өзгерткенімен, өзінің классикалық стиліне адал қалды.

Ал бүгінгі топтаманы Швеция кронханшайымы – Виктория аяқтайды. Ол әрдайым күнделікті өмірге болсын, салтанатты кештерге болсын өзі киер киімін ерекше ықыласпен таңдайды екен.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: ifamous.me

10683 10
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 12:11
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 11:55

Анегела Меркерді де қосуга болатын шығар мунда

+0
14 қаңтар 2013, 12:08

ол жоғары тұрған красоткаларға жетпейді ғой :mrgreen:

+0
14 қаңтар 2013, 13:47

Ізденісің таңдандырды.

+0
14 қаңтар 2013, 16:10

Шарлен мен Кэтрин стилі ұнады

+0
14 қаңтар 2013, 16:14

Мәссаған! Швеция кронханшайымы – Виктория ұнады!

+0
14 қаңтар 2013, 20:06

Елизавета да қалыспайды екен :P

+0
17 қаңтар 2013, 00:56

Және де Королева Елизавета ІІ перчаткасыз жүрмейді))))

+0
18 қаңтар 2013, 17:52

Шарлен сондай жинақы.

+0
29 қаңтар 2013, 16:00

Летиция мен Кэтриннің киім үлгілері қатты ұнады

+0
30 қаңтар 2013, 13:34

Кейт Мидлтон сәнқооой!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...