Киімнің түсі жұмысқа әсер ете ме?

Киімнің түсі жұмысқа әсер ете ме?

Киімнің түсін талғамымызға, көңілімізге, жарасатындығына қарап таңдаймыз. Алайда жұмыс пен іскерлік кездесулерге киімнің түсін мына кеңестерге жүгініп таңдаған дұрыс.

Киімнің түсі сіз кездесетін адамға белгілі бір әсер қалдыра алады. Егер түсті ақылмен таңдасаңыз, іскерлік сұрақтар кездесуге бармастан шешілді дей беріңіз.

Жалпы іскерлік кездесулерге барғанда киіміңізде сұр немесе көк түстердің болғаны дұрыс. Олар сізді таныс емес кісіге өзіне сенімді, батыл, қайсар және тұрақты адам етіп көрсетеді.

Көпшіліктің алдында баяндамамен шықсаңыз, қара түсті таңдауыңызға кеңес береміз. Қара бір сәтте сізді іскер адам, жақсы жұмыскер ретінде көрсетеді. Сондай-ақ бәрінің сізге назар аударуын қамтамасыз етеді.

Маңызды кездесу мен келіссөздерге аттанарда қызыл түсті аксессуар тағып алыңыз. Сөмке, орамал сынды ұсақ-түйек сізге бұл кездесуде көмектеспек.

Басшылықпен жиналысқа қызыл не сары түстерді киген жөн. Жарқын түсті сағат, галстук не орамал басшылықтың көңілін аударып, сіздің айтқан ойыңызды жеткізуге көмектеседі.

Ал сіз жұмысқа қандай түсті киім кигенді жөн санайсыз ?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: creativenails.ru, domotvetov.ru, lyst.com, tortadolce.ru

С. А