Джинсы шалбарды қалай таңдау керек?

Джинсы шалбарды қалай таңдау керек?

Джинсы баяғыдан-ақ гардеробтың негізгі элементіне айналған. Дүкендерде джинсы шалбарының түр-түрі көз жауын алып, таңдау жасауды қиындата түседі. Ендеше, джинсыны қалай таңдау керек?

Шалбар таңдаудағы басты назар аударатын мәселе - мата сапасы. Джинсының сапасы оның ұзаққа жарамдылығына, денеде қалай тұратындығына әсер етеді. Ал дүкенде джинсы таңдағанда мынандай белгілерге назар аударыңыз:

  • Денеңізде қалай тұрды? Джинсыға байланысты мынандай ереже бар: сізге шақ джисы дем шығарған уақытта қыспай, дұрыс отыруы керек. Егер киіп көрген шалбар мінсіз жақсы отырды деп ойласаңыз, одан бір өлшемге тарлауын киіп көрген дұрыс. Шамалы қысып тұрған джисыды алуға қорықпаңыз, ол бірнеше күнде денеңізге қалыптанып отырады. Бірақ таңдаған шалбарыңыз созылмалы джинсы болса, бұл ереже оған жүрмейді. Олар әу бастан денеңізге шақ болып тұру керек.
  • Ұзындығы қандай? Ұзындығы бойынша сізге шақ келмеген шалбарды алмаған дұрыс, олар пішілгеніне байланысты денеңізге жайлы тұрмайды. Сондықтан кейін қысқартып аламын деген шалбарлар таңдамаңыз. Биік өкшемен киетін шалбарды бірден сол аяқ киіммен киіп көріңіз. 
  • Ұсақ-түйектер маңызды! Джинсы шалбары аяғыңыздың пішінін дұрыс көрсетіп тұруы тиіс. 

Джинсыды дүкенде өлшеп көргенде, отырып, қимылдап жүріп көріңіз. Джинсы - ең ыңғайлы киімдердің бірі. Сондықтан өзіңізге лайықты джинсы табуға тырысыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: sagewellness.wordpress.com

С. А