Ким Кардашьяннан кеңестер: тартымды болудың сырлары

Ким Кардашьяннан кеңестер: тартымды болудың сырлары

Танымал тележүргізуші, модель Ким Кардашьян өмірде көптеген жетістіктерге жетті. Сәтті мансапқа қол жеткізіп қана қоймай, жеке өмірінде де бақытты әйел атанып отыр. Сонда да ол өз тартымдылығымен әлі миллиондаған ерлерге арман болып қала бермек.

1. Өзіңізді қалай барсыз, солай жақсы көріңіз! Онсыз елітерлік образ жасаймын деу бекершілік. Егер дене-пішіміңіз толықша болса – соны мақтан тұтыңыз! Бойыңыз кіші болса – кішкентай болмысыңызға риза болыңыз! Өзіңізді жақсы көріңіз!

2. Тартымды болу деген – ашық-шашық киіну емес. Денеңіздің иірімдерін көрсету үшін тыртысып тұратын киімдер киіңіз: ішінен іш киімдеріңіз көрініп тұрмасын (бұл ұят және құнсыздықтың белгісі), пішімі, дизайны көз тартарлық, бекзат маталардан тігілген болсын.

3. Беліңізді айқындаңыз! Киіміңіз төсіңіз немесе жамбас тұсыңыздың көлемін көрсетіп немесе айқындап тұруы керек. Мұндай эффекті белдіктер арқылы жасауға болады.

4. Қарындаш-белдемшені биік өкшемен киіңіз. Бұл сіздің қыпша беліңізді айқындап, жамбасыңызды тартымды етіп, аяқтарыңызды ұзын әрі сымбатты көрсетеді.

5. Тақасы бар аяқ-киімдер киіңіз. Бармақтарыңыз ашық тұратын, дизайны сәнді болып келетін аяқ-киім болса тіптен жақсы. Алайда тордан немесе стразалардан жасалған, тойтарма және тікенекті дизайнды аяқ-киімдерден аулақ болыңыз.

6. Гардеробыңызда теріден жасалған киімдер көп болсын. Оларды бейтарап түсті классикалық пішімді киімдермен киюге болады. Шілтерлі, торлы, тойтарма, корсеттерге жоқ деңіз! Және лакталған терілер емес, тегіс терілер сәнде!

7. Еркектер әртүрлі. Бірақ көбіне шашы ұзын қыздар ұнайды. Табиғи түсті және ұқыпты қиылған шаштар еркектердің таңдауы. 

8. Ең бастысы – өз-өзіңді күтіп ұстау! Тері, макияж, шаш үлгісі, маникюр, педикюр, сапалы киім – бәрі маңызды.

Ер адамдардың көзінде тартымды, әдемі, қызығарлық болып көріну үшін кейде өзіңді қалай барсың, солай жақсы көріп, қадірлеп жүру де жеткілікті. Өз-өзіңе сенімділік пен қоршаған әлемге шуақ шашып жүру де көп нәрсе шешеді. Жайдары, жарқын болыңыз және жиі күлімдеңіз!

Сурет: fashion-defile.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina