Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / «Угги» — қысқы аяқ киімдердің атасы

«Угги» — қысқы аяқ киімдердің атасы

«Угги» — қысқы аяқ киімдердің атасы

Көшеге шыға қалсаңыз, сәнқұмар жас қыздарды былай қойғанда, әйелдің де, ердің де, балалардың аяғынан да байпаққа ұқсас «угги» етіктерін көреміз. Бұл аяқ киімдер томпақ пішініне қарамастан, өте сәнді.

«Угги» етіктерін австриялық фермерлер ойлап тапқан. Етік атауының қазақша баламасы — «сүйкімсіз аяқ киім». Яғни, етік пішінінің тым дөрекі әрі ұсқынсыздығына байланысты шыққан. Нақты деректемелерге сүйенсек, «угги» атауын 1971 жылы австриялық фермер Шон Стедман ойлап тапқан екен. Бастапқыда, бұл етіктер ешкі терісінен тігілген, өте жылы әрі ыңғайлы болған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, корпусына қалың мұз қатқан ұшақта жүретін ұшқыштар аяқтарын жылы ұстау үшін угги етіктерін киген. 

Соңғы 4 жылда уггилер әлемнің сән сахналарында хитке айналды. Ол ыңғайлылығымен сән әлемін өзіне бағындырды. Сән зерттеушілерінің айтуына қарағанда, уггилердің сәнге айналуына голливуд жұлдыздарының тигізген ықпалы зор. Американың танымал актрисасы әрі тележүргізушісі Опра Уинфи өзінің бағдарламасына угги етігін киіп шығып, елдің қызығушылығын тудырған.

Қазір кез келген дүкеннің аяқ киім сөрелерінен угги етіктерін кездестіруге болады. Бірақ, олардың дені — жасанды уггилер. Жасанды уггилердің шынайысынан айырмашылығы — су тартатындығында. Уггилердің түпнұсқаларының матасы тығыз, жүні қалың және су тартпайды. Сондықтан олар тым дөрекі болып көрінеді. Қазақстан базарлары мен дүкендерінде угги етіктерінің орташа бағасы — 4000-8000 теңгені құрайды. Сапасы әр түрлі. Олардың түрлері де көп: жалпақ пішінді, ұзын қонышты, жұқа, қалың, люрикс маталы, суретті уггилер. Сәнқойлар талғамына қарай кез келгенін сатып алады. Ал жалпы санақ бойынша, угги етіктерінің қара түстілері көп шығарылады және олар зор сұранысқа ие.

Угги етіктері көбінесе шалбармен үйлеседі. Ал көйлекпен аздап келісіңкіремейді. Сонымен қатар, «кэжуал» стилінің түрі болып саналатын киім болғандықтан, оны кешкі қыдырыстарға, салтанатты жиындарға киюге болмайды. Спорттық киім үлгісіне жақын келеді.

Ал денсаулық сақтау мамандары угги етіктерінің аяққа зиянын айтып жүр. Өкшесінің жоқтығы және табанының жұмсақтығы аяқты «түйетабан» етуі мүмкін. Сондықтан, дене бітімі енді қалыптасып келе жатқан балаларға угги етіктерін кигізу зиян. Жүріске де кері әсерін тигізеді. Британ остеопатия зерттеу институның профессоры Йен Дрисдэйл зерттеуі нәтижесіне сай, угги етіктерін күнде киюге болмайды. Себебі, оның тым жұмсақтығы табанға қан жібермей, аяқ бұлшықеттерін бос ұстап тұрады. Уггиді ұзақ киюшілердің омыртқа сүйектері де зардап шегеді. Бір сөзбен, угги етіктері қаншалықты ыңғайлы болса, соншалықты зиянды... Угги ішіндегі аяқты тіреп тұратын бөлігі жоқ, сондықтан адамның жүрісі де бұзылады.»

Таяқтың екі ұшы бар демекші... Қыстың қарлы боранында аяқты жылы ұстау қажет. Бұған угги етіктері сөзсіз ыңғайлы. Ал оны сән үшін көктем шыққанша кию — тұтас денсаулыққа зиянын тигізеді. Сондықтан, угги киіп жүрсеңіз, ойланыңыз.

Сурет diary.ru сайтынан алынған

Авторы: тұрақты қолданушы Айнара Байжан

2381 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 21 қаңтар 2012, 15:20
Пікірлер
+0
22 қаңтар 2012, 18:22

Менде осы аяқ киімнің екі түрі бар. Екеуі де жылы, аяққа да жайлы. Зиян жағын әлі байқамадым.

+0
22 қаңтар 2012, 18:30

Осы уггидің ерлерге арналғаны да шығыпты ғой. Бастапқы кезде шыққанда түріне қарап шошитын едім, қазір көз үйреніп кетті.

+0
22 қаңтар 2012, 18:40

Угги киген жігіттерді көрсем, қаным қарайып кетеді, деп ертеңгісі өзі угги киіп алған дид))))

+0
22 қаңтар 2012, 18:51

өте ыңғайлы, әрі жылы болғанымен, көп кию зиянды деп жатады

+0
22 қаңтар 2012, 19:47

менде угги жоқ. мүлде киіп көрген де емеспін. Қазақша оюлары бар түрлері шықса, алар ем

+0
22 қаңтар 2012, 20:17

автобуста угги киіп алған жігітті көріп, ауызым ашылып қалған еді.

+0
22 қаңтар 2012, 20:28

Айнара, материалыңа рахмет!

+0
22 қаңтар 2012, 22:17

Есіме Айнараның уггиі түсіп кетті, Айнара рахмет!!!

+0
23 қаңтар 2012, 12:21

хехе) сол угги аяғымда! Угги ұсқынсыз болғанымен,сүйкімді, иә?! Бірақ жігіттердің аяғынан тіпті ұсқынсыз көрінеді...:):)

+0
23 қаңтар 2012, 12:29

иә шыны керек жігіттер, кимей-ақ қойындаршы сол уггиді қыздарға қалдырындаршы

+0
23 қаңтар 2012, 18:25

мен мүлдем кимедім. Сүйкімсіз.

+0
26 қаңтар 2012, 09:34

Ауылда қыс қатты.сол жақтағы ағаларымда иттің терісінен тігілген уггилері бар. арнайы тіктірген болатын.Барған кезде киемін аңда саңда.Ұзақ киіп жүруге ыңғайсыз шығар.Ат үстінде аяқты тоңдыра қоймайды екен

+0
26 қаңтар 2012, 12:52

мен уггиді киіп жүргеніме көп жыл болды, "түйетабан","сиыртабан","аттабан" болып кеткен шығармын:)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...