Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Қазақстан Олимпиада ойындарында

Қазақстан Олимпиада ойындарында

Қазақстан Олимпиада ойындарында

Лондонда өткен ХХХ Олимпиада ойындары Қазақстан үшін ең сәтті өткені анық. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан Жазғы Олимпиада ойындарына 5 рет қатысқан. 5 рет Қазақстан делегациясы Олимпиада ашылуларында бой көрсетті және әр кезде әртүрлі формада шықты. Лондон Олимпиадасына арнап тігілген форманың сұрықсыз, талғамсыздығын айтып, біраз адам дүрліккен болатын. Алайда бұл біздің биік тұғырдан көрінуімізге еш кедергі бола алмады. Бастапқы кезде форма ұнамаған болса да, кейін еліміздің таныстырылуы кезінде шынымен-ақ көз тартарлық екенін мойындап жатқандар да болды. Еліміздің Атлантада өткен 1996 жылдан бері Олимпиада шеруіне киген формаларын бір еске түсіріп өтейік.

1996 жылы АҚШ-тың Джорджия штатының Атлантада қаласында өткен Олимпиада ойындары

Өкінішке орай, 1996 жылы Интернет пен оның мүмкіншіліктері дамымаған еді. Сол себепті Қазақстан делегациясының формамен түскені интернетте жоқ болып шықты. Тек осы екі сурет қазақстандық жарыскер Андрей Тетерюктің әлеуметтік желідегі парақшасынан табылған екен. Спортшылардың арасында Лондон Олимпиадасының жүлдегері Александр Винокуровты байқауға болады. 1996 жылы қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс, 5 қола медальге қол жеткізген. Ерлер костюмі туымыздың түсіне сәйкес көк, ал галстук күннің сары түсіне икемделген. Төсбелгіде Қазақстан туының өрнектері. Бір жағынан өте қарапайым сияқты.

2000 жылы Австралияның Сидней қаласында өткен Олимпиада ойындары

Сидней Олимпиадасының салтанатты ашылуына тігілген формаларды сол кездері елімізге алтын сыйлаған үш спортшымыз арқылы көруге болады. Олар: бокстан Олимпиада Чемпионы Бекзат Саттарханов, жеңіл атлектикадан Ольга Шишигина және тағы бір ардагер боксшымыз Ермахан Ыбрайымов. Жалпы 2000 жылы қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс медальға қол жеткізге болатын. Бұл жолы да спортшылардың киімдері Атлантадан аса ерекшеленбеген сыңайлы. 

Грецияның Афины қаласында өткен 2004 жылғы Олимпиада ойындары

Бұл жылы да спортшыларымыздың костюмдерінің түсі өзгермесе де қыздардың формаларында ою пайда болып, ұлттық нақышта, сәнді болған сияқты. 2004 жылғы Олимпиада Қазақстан үшін аса жемісті бола қоймады. Қазақстан аңсаған алтынды жалғыз боксшымыз Бахтияр Артаев сыйлаған болатын. Сонымен қатар 4 күміс және 3 қола медальге қол жеткіздік. Онсайыстан осы жылы да өнер көрсеткен Дмитрий Карпов (суретте ең бойшаң спортшы) Афины Олимпиадасында қол жүлдеге ие болған.

2008 жылы Қытай астанасы Пекинде өткен Олимпиада ойындары

Бұл жолы әдеттегі көк костюм ақ костюмге ауысқан екен. Ал туымыздың сары түсі цитрусты қызғылт сарыға ауысқаны бір жағынан тапқырлық болар. Қыздардың қызғылт сары белдемшелері мен шляпалары көзге бірден түседі. Ал мойынға байланған көк лента мен галстук туымыздың символикаларының нақышында. Бұл Олимпиадада да аса үлкен нәтижеге жете қоймадық. 2 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль.

2012 жылғы Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен Олимпиада ойындары

Лондондық форманы бәріміз жаттап үлгерген шығармыз. Форма айналасында дау-дамай көп болса да, спортшыларымыз салтанатты ашылу кезінде басқа елдермен салыстырғанда өте сәнді көрінді.   

Олимпиада ашылуына әр жылдары киілген формаларды салыстыра отыра қай форма сізге ұнады? 

Суреттер: locman.kz, astanafans.com, voxpopuli.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

7059 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 19 тамыз 2012, 13:22
Пікірлер
+0
19 тамыз 2012, 16:17

Қай жылда да формамен проблема екен ғой :lol: тек осы жылғысы ғана тәуір по моему :)

+0
19 тамыз 2012, 16:17

Қайран Бекзат аға :( :cry:

+0
19 тамыз 2012, 18:26

жалпы қай жылдағысы болсын түстері жағынан ұқсастық бар. Жыл өткен сайын сапасы да жақсара түскендей. Дегенмен Пекинде өткен Олимпиада ойындарындағы формадағы оранжевый түс ашып тұрған сияқты форманы. Лондондағы мен Пекиндегісі ұнады.

+0
19 тамыз 2012, 19:02

Маған Афиныда киген қыздардың киімі қатты ұнады.

+0
19 тамыз 2012, 21:54

Афиныдағы қыздардың киімі,Қытайдағының ерлердің галстугы мен шляпасы ұнады,сосын биылғыда жаман емес :roll:

+0
20 тамыз 2012, 09:59

Пекиндегісі өте әдемі, биылғысы да өзбекше айтқанда "чаккі емас" (жаман емес) :mrgreen:

+0
20 тамыз 2012, 11:25

вечнонедовольнев дегениниз бекер емес-ак 8-)

+0
20 тамыз 2012, 11:39

Мырқымбайлығымда бекер емес-ақ :mrgreen:

+0
20 тамыз 2012, 11:41

ал мыркымбай не магына екен? :roll:

+0
20 тамыз 2012, 12:29

http://chkalovo.narod.ru/Beimbet_Mailin.htm
Мырқымбай бейнесі дегенді оқы

+0
21 тамыз 2012, 09:45

Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!..

Бай, бай, бай, бай!

Жарым ес-ай!

Құның ба еді

Бір шолақ тай! — деген екен ғой әкесі.

+0
20 тамыз 2012, 11:50

күдік... :?

+0
20 тамыз 2012, 11:08

Пекиндегілердің костюмі дұрысырақ.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...