Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Балеткалар

Балеткалар

Балеткалар

Балетка – бұл өкшесіз, басы дөңгеленіп келетін әйелдердің әдемі аяқ киімі. Түр-сипаты жағынан балет бишілерінің аяқ-киіміне ұқсас болғандықтан аты да солай аталып кеткен. Алайда бишілердің пуанттарына сырттай ұқсағанмен өнерге еш қатысы жоқ, жай ғана көшеге киюге арналған аяқ-киім.

Тарихы

Қазіргі балеткаларға ұқсас аяқ-киімдерге сән Джейн Остин мен Наполеон жылдары кезінде пайда болған. Көбіне мұндай аяқ-киімдер атлас лентамен аяққа байланып, кәдімгі пуанталарға қатты ұқсайтын.

Бертін келе итальяндық аяқ-киімдер дизайнері Сальватор Феррагамо Одри Хепберннің нәзіктігі мен көріктілігінен нәр алып, оған арнайы аяқ-киім тігуді жөн көреді. Одри кішкентай дөңгелек өкшелі, ыңғайлы аяқ-киімді қатты ұнатып, актрисаның күнделікті әмбебап аяқ киіміне айналады. Осылай балеткалар біртіндеп әлемге таралады. Айтпақшы, Salvatore Ferragamo сән үйінің Одри Хепбернге арнайы жасап шығарған балеткалары дәл солай «Одри» деп аталған.

Қазіргінің балеткалары

Соңғы жылдары балеткалар өте танымал және барлық дизайнерлердің сән коллекцияларына кіреді. Теріден жасалған, матадан жасалған, резиналы, басы дөңгелек немесе ашық, түрлі тастармен, бантпен, оюлармен әшекейленген – небір модельдері жетіліп-артылады.

Бірақ балеткалар сәннен кетпейтін сияқты және бұл бекер емес. Осындай ыңғайлы, әрі әдемі аяқ-киімнің арқасында қыздар іскер әйелдің образын, не романтикалық образ жасаймын деп бірнеше сантиметрге тұрып, аяқ ауыртуды қажет етпейді. Сонымен қатар, бұл ыңғайлы аяқ-киім қимыл-қозғалысқа жеңілдік пен тездікті қосады.

Немен кию керек?

Балеткалардың әмбебаптығы соншалық, кез келген стильдегі киімдермен кие беруге болады. Теріден жасалған, түрлі әшекейлермен көмкерілген балеткалар салтанатты кешке арналған образға дәл келеді. Күнделікті офистік стильге бір түсті, ешқандай әшекейсіз балеткалар жарайды. Шортымен, көйлекпен, юбкамен немесе джинспен – балеткаларды қандай киіммен кисең де күні бойы еш жайсыздық сезінбейсің.

Ең бастысы, балеткалар жаңа босанған немесе аяғы ауыр келіншектерге ұтымды шешім: бауын байлау үшін еңкеюдің қажеті жоқ, ал жұмсақ тері аяқты қыспайды.

Суреттер: smiw.ru, passion.ru, spletnik.ru, vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

1511 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 04 шілде 2012, 13:19
Пікірлер
+0
04 шілде 2012, 14:09

Маған балеткалар қатты ұнайды. Ыңғайлы әрі аяғыңыз шаршамайды.

+0
04 шілде 2012, 14:15

Бірнешеуі бар. Анда-санда бір киемін. Ыңғайлы

+0
04 шілде 2012, 14:20

Ақ балетка алып едім, бір айға жеткізбей быт-шытын шығардым ;)

+0
04 шілде 2012, 14:39

Шешпеймін))))

+0
04 шілде 2012, 14:51

енді үйреніп, енді ыңғайыма келістіріп, кие бастадым. Кол ит Спрингтың балеткалары ұнайды. Өте жақсы екен)))

+0
04 шілде 2012, 15:06

ооо, көктем, жаз, күз - балеткасыз елестету мүмкін емес!!!

+0
04 шілде 2012, 15:37

соңғы суреттегі күштііі екен

+0
04 шілде 2012, 15:53

аяғыма барып бір балетка алмасам :lol: :lol: :lol:

+0
04 шілде 2012, 15:55

Ерлерге арналған балеткалар да бар, Қайреке :)

+0
04 шілде 2012, 15:56

ия балетка рахат кой, өте ыңғайлы, бірақ жүріс деген еркіне кетіп қалады сонысы жаман, биік өкшелі кисек сәл болсын жинаңқы жүріспен жүреміз. сонда да балетка жақсыыыыыыыыы.... :D

+0
04 шілде 2012, 15:58

сіз балетка киесіз ба сонда? бірақ шынында да ақырғы кезде ерлердің аяқ киімі әйелдердікіне ұқсап бара жатыр маааа деп ойлап қалдым?!

+0
04 шілде 2012, 15:59

ең бастысы аяққа ыңғайлы болу керек, қыста уги кием деппа))

+0
05 шілде 2012, 10:47

ай лав балетки :D

+0
07 шілде 2012, 20:45

менде балетки көөөөп, ең ыңғайлы аяқ киім!

+0
08 шілде 2012, 00:06

осы материалдан кейін тағы бір балеткңа сатып алдым :)

+0
09 шілде 2012, 15:53

расымен ең ыңғайлы аяқ киім :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...