Жылан шаш өрімі

Жылан шаш өрімі

Аяулы қыздар! Біз бүгін қарапайым жылан өріміне аздап түрлендіру қосылған шаш үлгісін көрсетеміз.

1. Алдымен шашыңызды тарап алыңыз.

2. Тарақтың көмегімен түзу етіп, шаштың жоғарғы бөлігін аламыз.

3. Бөліп алған шашты өзіңізге ыңғайлы етіп ұстаңыз.

4. Одан соң екіге бөлеміз.

5. Жылан өрім өреміз. Яғни, суретте көрсетілгендей, екі жақтан жіңішке етіп шаш аламыз. Және оларды қиыстыра қойып отырасыз.

6. Шаш өрімі қатты болып тұруы үшін өру барысында шашты тартып отырыңыз. 

7. Суретте көрсетілгендей өріп болған соң тоқтаймыз.

8. Келесі алатын шаш бөлігін қалыңдау етіп астыңғы қалдырылған шаштан аласыз.

9. Екі жағынан да жоғарыда айтылғандай етіп алып, қиыстырасыз.

10. Содан соң басында қалай өріп бастадық, сол әдіспен жалғастырамыз.

11. Астыңғы қалдырылған шашты қалың етіп алып, тағы да қиыстырамыз.

12. Астыңғы қалдырылған шаш аяқталған соң, шашыңызды соңына дейін жылан өріммен өріп шығасыз.

13. Жылан шаш өрімі дайын. Шаш өрімін гүлді немесе моншақты түйреуіштермен безендірсеңіз болады.

Сурет: massaget.kz

А. Жапатова