Сән әліппесі: Haute couture (Жоғары сән)

Сән әліппесі: Haute couture (Жоғары сән)

Haute couture  «от-кутюр» француздың сөзінен шыққан, «жоғары дәрежедегі тігу» деген мағынаны білдіреді. От-кутюрға арналған киімді тігу үшін он саусағынан өнер төгілген шебер тігінші болу жеткілікті емес, соған сәйкес сертификат та алу қажет. Алайда тек Францияның астанасы Париж қаласындағы әйгілі Сән үйлері ғана сертификат ала алады.

1968 жылы Haute couture үшін тігілетін киімдерге қойылатын талап бекітілді.

Біріншіден, киім hand made, яғни қолдан тігілген болу керек. Ол 150 сағат уақыт көлемінде жасалады.

Екіншіден, ерекше бұйымның материалы да ерекше, Haute couture үшін арнайы жасалған болу қажет. Демек, өте қымбат мата мен әшекей жұмсалады.

Үшіншіден, киімдерді дайындайтын сән үйінде кемінде жиырмадан астам қызметкер аянбай тер төгуі керек. Сондай-ақ олар жылына екі рет елу шақты сәннің үлгісін ұсынып отыруға тиіс.

ХІХ ғасырда өзінің сән көрсетілімдерінде модельдерді ең алғаш пайдаланған кутюрье  Чарльз Фредерик Ворт. Оның еңбегін жалғастырған әріптестері Коко Шанель, Мадлен Вионне, Эльза Скиапарелли, Кристиан Диор майталман дизайнерлер төрткүл дүниеге әйгілі болды.

Haute couture бұйымдарының бағасы қандай?

Сән үйлері бұйымдарды арнайы тапсырыспен дайындайды, олардың бағасы жүз мың доллардың көлемінде болады. Мұндай бағалы бұйымдардың иесі екі-үш рет қана кигеннен кейін, ұрпағына мұра етіп қалдырады. Болмаса қымбат бағаға аукционда сатылады. Бұл киімдер 2030 жыл өткеннен кейін винтажға айналады.

Dior Haute Couture үлгісі

Басқа елдерде Haute couture бар ма?

Өзге елдерде де атақты шеберлер жеткілікті, мысалы, бәрімізге жақсы таныс, Versace. Алайда олар өз мемлекеттерінде ғана от-кутюрға киім әзірлейді.

Біздің елімізде де өзінің біртуар туындыларымен көзге көрініп жүрген дизайнерлер де жеткілікті. Олардың да еңбектері құнды, көбіне эстрада жұлдыздары мен қалтасы қалың жұртшылық тапсырыспен тіккізіп жүр.

Сурет: blog.daum.nethanneli.com

Оқи отырыңыз:

Сән әліппесі: Прет-а-порте

Адам көркі – шүберек

Ақшаны үнемдей отырып қалай әдемі киінуге болады?

Соңғы сәнмен киіну неліктен ерсі көрінеді?

Ф. Абилова