Сәнқойлар үшін: Винтаж әлемі несімен қызықты?

Сәнқойлар үшін: Винтаж әлемі несімен қызықты?

«Винтаж» сөзі француз тілінен шыққан. Бұл сөзді ұзақ сақталған сапалы шараппен де байланыстыруға болады. Винтаж стиліндегі киімді негізінен, сәнқойдың сәнқойы не сәнді жоғары деңгейде түсінетіндер, дизайнерлер мен стилистер ғана киюі мүмкін.

Винтаж стиліндегі киім дегеніміз не?

Біріншіден, бұл стильге 20 жылдан астам уақыт бұрын тігілген киімдер жатады.

Екіншіден, винтаждық киім үлгісі белгілі бір брендтікі болуы керек.

Үшіншіден, өз дәуіріндегі сәннің бағыттарын айғақтауы шарт.

Төртіншіден, сапасы өте жоғары, табиғи материалдан жасалуы қажет.

Бесіншіден, кейбір бөлшектері атақты шеберлердің қолынан шыққан hand made болады.

Алтыншыдан, заманауи киімдерге қарағанда бағасы қымбат.

Винтаж стиліндегі киімдерді қазір де киюге бола ма?

Әрине болады. Талғамы өте жоғары сәнқойлардан басқа Джулия Робертс, Кейт Мосс сияқты жұлдыздар винтаж стилінде киінгенді ұнатады.

Аталған стильдегі киім-кешектер Коко Шанель, Джорджио Армани, Пьер Карден, Ювер де Живанши секілді әлемге әйгілі дизайнерлерге тән.

Винтаж стилі адамды ерекше сәнді әрі жұмбақ етіп көрсетеді.

Алайда винтаж стилі бастан-аяқ ретро киімдерді кию деген сөз емес. Егер олай киініп алсаңыз сізді жұрт музейден шығып кеткен экспонат деп ойлап қалуы әсте мүмкін. Сол себепті бұл үлгідегі белдемше, блуза не аксессуардың бірін ғана қолдану жеткілікті.

Винтаж стиліндегі киім кию үшін оны қымбатқа сатып алып қана қоймай, сән әлемінің тарихынан хабардар болу керек. Ол үшін мұрағаттарға барып, кітапханалардағы осы тақырыпта жазылған кітаптарды оқыған жөн.

Винтаж стиліндегі киімдерді қайдан алуға болады?

Арнайы дүкендерден, кейде second hand-тан да табылып қалуы мүмкін.

Егер ерекше, ешкімге ұқсамайтын стильде киінгіңіз келсе, винтаж стиліндегі киімдерді таңдаңыз.

Сурет: modnica.infodi-port.ru

Оқи отырыңыз:

Сағат таңдаудың сырлары

Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #3

Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #2

Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #1

Соңғы сәнмен киіну неліктен ерсі көрінеді?

Ф. Абилова