Қыздар сәнінің маңызды элементі не?

Қыздар сәнінің маңызды элементі не?

Қалың колготка қыста бикештерімізге киімдерін түрлендіріп киюге мүмкіндік береді.

Колготкаларды қалай таңдау керек?

Қалың колготкалар мақтадан, жүннен, бамбук және синтетикалық талшықтан тоқылады. Қандай түстегі колготка тиімді?

Дизайнерлер мен модельерлер осы маусымда әртүрлі түстегі қалың колготкаларды ұсынады. Дегенмен түрлі түстегі колготкаларды кигенде белгілі бір қағидаларды ұмытпаған жөн. Себебі мұндай колготкалар жастарға, арықша келген келіншектерге көбірек жарасады.

Екіншіден, мұндай колготканы аяқ киімнің түсіне сәйкестендіріп алған дұрыс. Өткені колготка мен аяқ киім бір түсте болса, аяқты ұзын, әдемі етіп көрсетеді. Сондай-ақ колготканы белдемшенің, көйлектің түсіне қарай киюге де болады.

Сонымен қатар қазіргі күнде аруларымыз шортыларды да қалың колготкамен кигенді ұнатады. Бұл да бір әдіс. Дей тұрғанмен, биылғы қыс қаталдау, суық болып келетіндіктен, мейлінше қалыңдау киім таңдағаныңыз дұрыс.

Неше түрлі өрнек, суреттері бар колготкалар барлық кезде киімдермен үйлесе бермейді, негізінен спорттық үлгідегі киімдермен жақсы жарасады. Сол себепті мұндай өрнекті колготкаларды кигіңіз келсе, алдын ала үйіңізде киімдеріңізді жайып тастап, бірінен соң бірін айнаның алдында киіп көріңіз. Әйтпесе балабақшаның бүлдіршініне ұқсап қалуыңыз ықтимал.

Ауырмаңыз, әрқашан сәнді әрі сұлу болып жүре беріңіз!

Автор: Фариза Әбілова

Сурет: promkod.ru

Оқи отырыңыз:

Қысқы сән: бас киімдер

Қысқы сән: жағалы жемпір

Қысқы сән: сырылған пальто

Ф. Абилова