Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Джинстерді қалай таңдау керек?

Джинстерді қалай таңдау керек?

Джинстерді қалай таңдау керек?

Джинс – сөзсіз кез келген мезгіл мен уақыттың үздік фавориті. Күнделікті жұмысқа да, оқуға да, кездесуге де киіп барып, өз стилің жайлы уайымдамасаң болады. Қандай джинс таңдағаныңа байланысты сен жайлы көп нәрсе айтуға болады. Мысалы, стилің жайлы, киім киісің, талғамың және детальдарға көзқарасың жайлы.

Джинс таңдағанда, сатып алған бұйымың сені ұзақ уақытқа қуантарлықтай болсын. Ол үшін бірнеше кеңестерді ескеру керексің. 

Тігіс

Ортақ қағида былай: айқын тік сызықты, белдігі жалпақ және стрелка типтілер арық қыздарға ғана жарасады, доғал әрі жұмсақ – толықша қыздарға. Алайда былайғы өмірде фигураның типін, бөксенің құрылымын, аяқ ұзындығын да ескеру керек. 

Клеш-джинстар бәріне жараса бермейді. Ол тек құйрық пішінін айқындап, аяқтарды сәл қысқа етіп көрсетеді. Егер не аларыңды білмей жүрсең, орташа кең, тік, әдемі детальдары бар джинс таңда. Олар көбіне бәріне жарасады.  

Мата

Материалдар әртүрлі болады - деним, вельвет, барқыт, жеңілдетілген джинса, стретч – бәрін атап болмайсың. Матасына қарап таңдағанда кейін созылып кетпей ме, киіс бере ме, анықтап ал. Вельвет әрдайым қатты созылады, тығыз джинса – сирек созылады. Қандай нәтиже керек, соны жақсылап түсін және соған байланысты мата таңда. 

Түс

Ашық түсті шалбарлар толық етіп көрсетеді, әсіресе вельветтен тігілген болса. Және де олар сәнді, әрі ыңғайлы болады. Қалыпты жағдайда джинстың ілгегі әрең жабылатындай болып тұруы керек. Қою көк түс – ең ұтымды: әрдайым сәнде және кір көтереді. Күлгін түс – классика сүйгіштерге және романтикалық бейнедегі қыздарға жақсы келеді. 

Өлшем

Джинста екі өлшем болады: енінің өлшемі (биркадағы бірінші сан - W) және ұзындығы (2-ші сан, L әрпі). Екінші өлшемнің онша маңызы жоқ сияқты, қысқартып алуға оңай. Бірақ бәрі біз ойлағандай емес екен. Егер сенің өлшемің мен джинстың өлшемі екі еліден асса, тізе жіліншік төңірегіне келіп, шалбар дұрыс тұрмайды. Егер өз өлшемің 29 болып, 27-ге сыямын деп ойлап, жаңылыспа. Джинс созылады, бірақ қатты емес. Сол себепті аралық өлшемдегі джинсқа таңдау жасағаның дұрыс. 

Артынан көрініс

Соңғы кездері өндірісшілер қалтасын астыға қарай орналастырып тігетін джинстар шығарып жүр. Бұл құйрығы қатты шығып тұрмайтын қыздарға жарасады. Егер құйрығың толықтау болса мұндай джинс киіп қажеті жоқ. Кішкентай қалташалар онсыз да кішкентай емес құйрықты үлкен етіп көрсетеді, ал астыға қарай орналасқан қалташалар астыңғы жаққа тағы көлем қосады. Сонымен қатар, жаңа джинста құйрық жақ тегіс болып тұрмауы қажет, джинс созылады деп ойлау қателік. Бұл жай ғана сенің фасоның емес деген сөз. 

Бел

Аласа болған сайын – әдемі болады дейсің бе? Қателесесің! Егер сенің құйрығың омыртқа біткен жерден басталса – үлкенірек өлшемді және белі жоғарырақ орналасқан модельді алғаның дұрыс. Және бұл іші бар қыздарға да қатысты. Белі бар джинс біраз болсын ішті тартып тұрады. Және тағы басқа маңызды деталь – аяқтардың ұзындығы. Егер аяқтарың қысқа болса – белден төмен тұратын джинс туралы ұмытсаң болады. 

Джинс киімдерін қалай жуу керектігі туралы да оқып ал.

Суреттер: compare-price.ru, blog.denimtherapy.com

5094 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 22 мамыр 2012, 11:25
Пікірлер
+0
22 мамыр 2012, 11:33

бәрібір тізесі шығып кетеді общым :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
22 мамыр 2012, 12:12

Джинс сымдар ғана ұнайды. Ал күртеше, сөмкелерді аса ұната бермеймін

+0
22 мамыр 2012, 22:55

ШАЛБАР деңіз, СЫМ емес :P

+0
23 мамыр 2012, 08:26

Біз сым деп айтамыз

+0
27 мамыр 2012, 22:13

қандай шалбар болса да, ұятты жеріңізді жауып тұрса болғаны, сонда керемет көрінемін деп көпке күлкі болмайсыз!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...