Мектеп формасы: кімге және не үшін қажет?

Мектеп формасы: кімге және не үшін қажет?

Бүгінгі таңда мектеп формасының рөлі қандай? Оның көмегімен әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешуге бола ма? Немесе бүгінгі күнге кеңес дәуірінен келе жатқан ережелер қаншалықты жарайды? Бұл мәселелерді ұстаздар мен мұғалімдердің, оқушылардың көзқарасы тарапынан шешуге тырысайық.

Осыдан біраз жыл бұрын мектеп формасы ұғымы пайда болып, еліміздің түкпірлерінде бірдей форма кие бастады. Ал 90 жылдары ата-аналары мен балалары мектеп формасын өздері таңдайтын. Бастысы ақ кеудеше мен қара белдемше болса болғаны. Мұны әркім түрліше қабылдады. Есесіне оқушылар әлеуметтік дәрежесін пайдаланып, қымбат бағалы киімдер кие бастады.  

Әлеуметтік теңсіздік

Мектепке балаларының қандай киімде баратынын ата-аналары шешеді. Алайда ерекше талғам барлығында бола бермейді. Біреулері "келесі жылы да киесің" деп үлкен көлемдегі киімдерді сатып алса, екіншілері дәл сол уақыттағы сәнге сәйкесін таңдайды. Ал бірыңғай форма әлеуметтік теңсіздікті жасыруға септігін тигізеді. Оны кию арқылы жарлы отбасыдан шыққан балалар қалталы азаматтардың баласымен тең дәрежеде сөйлесе алады. Әрине, сөйлесуге тыйым салады деген ұғым жоқ, мұның барлығы психология деңгейінде қарастырылатын мәселелер.

Тәртіп

Мұнымен қатар, классикалық үлгідегі киімдер психологиялық деңгейде тәртіпке шақырып, үлкен өмірге дайындайды. Бұл мектеп формасының жақсы жағы. Жастар еліктегіш келетіндіктен, стильдерін атақты адамдарға ұқсатқысы келеді. Ал мектеп формасы өз кезегінде бұндай фанатизмнен сақтандырады әрі ата-аналардың қалтасындағы ақшаны үнемдейді.

Қол жетімділік

Мектеп формасының тағы бір пайдасы – қол жетімділігінде. Оларды «Abdi» секілді дүкендерден де, көше базарларынан да сатып алуға болады.

Кемшіліктері

Кейбір оқушылар бірыңғай болуға үйреніп қалғандықтан, өздерін көрсете алмайтын қасиетке ие болады. Сәнқой оқушылардың айтуынша, ол барлығына бірдей жараса бермейді. Ендігі мектеп формасының қалай өзгеретіндігі уақыттың еншісінде. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: almaty.vssdelki.kz

Қ. Бүйенбай