Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Талғамды тәрбиелеуге болады

Талғамды тәрбиелеуге болады

Талғамды тәрбиелеуге болады

"Талғам – туа біткен қасиет" деп жатамыз. Алайда, осыған келгенде жолы болғандар арамызда көп емес. Талғамымыздың төмендігінен жиі таяқ жеп те жатамыз. Басыңызды көтеріңіз, заманауи мамандарымыз талғамды да тәрбиелеуге болады дегенді айтып отыр. Ендеше, бүгінгі тәрбиелік кеңестер тек сіз үшін!

Пішінге лайықты киім

Толық денелі келген қыз баласына тырсып тұратын қысқа көйлек мүлде жараспайды. Айтпақшы, көлденең шаштар дене пішініңді үлкейтіп көрсетсе, ұзындығынан түскен шаштар - жинақы, сымбатты етіп тұрады. Егер иығыңыз ұзын болса, қазіргі сәндегі киімдерге әуес болмаңыз. Жіңішке бел күптеп тұратын заттарды қажет етпейді.

Түстердің дұрыс үйлеспеуі

Сирен түсті, көгілдір, күлгін және ашық-сары түстерді жинаған киім көрген көзді жиіркендіреді. Мұнан асқан талғамсыздық болмайды. Киімнің түсін таңдау - нағыз ғылым. Кез келген түс бір-бірімен үйлесім тауып тұруы керек және "айқайлап" тұратын түстерге әуес болмаңыз.

Кемпірқосақ

Ашық түсті киімдердің сәнде екендігіне таласымыз жоқ. Алайда, денеңізде үш түстен артық болмауы керек. Мұны ешқашан ұмытпаңыз. Сән деген осы екен деп жеті түрлі түсті жамылып алып жүрмеңіз. Неғұрлым ашық түсті киінген сайын мықты боламын деген ой - сіздің талғамыңыздың төмен екендігі байқалады.

Өзіңізге шақ емес киім

Салбырап, бос тұратын киімдер дене пішініңздің кем-кетіктерін жасырады деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Бұл сізді жағымсыз етіп көрсетіп қоймай, өзіңізге деген сыйыңызды түсіреді. Және де қатты арықтап кетіп, киімдеріңіз үлкен болып қалса да гардеробыңызға өзгерістер енгізіңіз.

Іш киімді көрсетілімге шығару

Іш киімдеріңізді айналаңыздағыларға аймандай етіп көрсету - "мен талғамсызбын" деп айқайлаумен пара-пар. Қазіргі заманда онда тұрған ештеңе жоқ деп қарсы шығуыңыз әбден мүмкін. Алайда, біліп қойыңыз. Қай уақытта да, талғамы жоғары нәзік жандылар іш киімнің бауларын жасырып, киімге лайықты түстерді таңдаған және іш киімнің шалбардың немесе белдемшенің сыртына шығып тұруына жол бермейді.

Тым қысқа белдемшелер

Мұндай белдемшелер демалысқа лайықты болғанымен, кеңсеге, көшеге киюге жарамсыз. Мұндай белдемшені киюге дене пішіміңіз лайықты болып тұрғанның өзінде оған көп әуестенбеңіз. Бұл - ешқашан жақсы талғамның куәлігі болмаған.

Киімнің, аяқ киім және аксессуарлардың бір түсті болуы

Қызыл көйлек, қызыл туфли және қызыл сөмке - қазіргі заманда мұндай үйлесім нашар талғамның қатарына енген. Бұл – сіздің кешірілмес қателігіңіз екендігін естен шығармаңыз. Бір түсті сөмке мен аяқ киім өткен ғасырдың еншісінде қалып қойды. Ашық түсті көйлекке бейтарап түсті аяқ киім рең береді немесе керісінше үйлестіруге болады.

Суреттер

Тор суретті белдемше мен бұршақты жейде, леопардты шалбарлар мен геометриялық пішіндер бейнеленген кофталарды үйлестіріп кисеңіз, сізді ешкім мақтамайды. Суретті киімдерге әуес болмағаныңыз жөн. Егер бұршақты белдемше кисеңіз, қалған киімдердің барлығы да бір түсті болуы қажет.

Жарқырап жүру үшін жалтырау міндетті емес

Люрекс, жылтырақтар, ашық әшекейлер - стильді әйелдің достары емес. Жылтырақпен абай болыңыз. Алтын және күмістен жасалған сәнді заттарды ұқыптылықпен үйлестіру керек. Бір ғана жылтыр жеткілікті: алтын түсті сөмкенің немесе дәл сондай туфлидің болуы сізді әдемі етіп көрсетеді.

Әшекей бұйымдарым бар!

Барлық әшекей бұйымдарыңызды бірден іліп алуға талпыну ақымақтықтың бір белгісі. Әрдайым есіңізде болсын: сізде ең көп дегенде үш әшекей бұйым болуы қажет.

Жаздың жайдарлы күндерінде өзіңізді сұлу етіп көрсететін киімдерді таңдай алып, жадырап жүре беруіңізге шын жүректен тілектеспіз!

Суреттер: 1tv.ru, liveinternet.ru 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

10414 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 маусым 2013, 14:18
Пікірлер
+0
18 маусым 2013, 19:22

бәрін басына қаптатып тағып алатындарға жыным келеді"

+0
18 маусым 2013, 22:58

Сөмке таңдарда аяқ киімімнің түсін есте ұстап жүруші едім, енді өйтпеуге де болады екен ғой! )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...

Cізге тән мамандық қандай?
Cізге тән мамандық қандай?

психологиялық тест арқылы өзіңізге тән мамандықты анықтап алыңыз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...