Оқи отырыңыз

Таудың алдында есеп беріп тұрған жөн...

Автор: Есмұхан Обаев

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Мектеп бітіру кешіне не киемін?

Мектеп бітіру кешіне не киемін?

Мектеп бітіру кешіне не киемін?

Мектеп бітіру кешіне бір айдан кем уақыт қалды. Түлектердің көбісі, өмірінде бір-ақ рет болатын кешке киетін салтанатты көйлегін дайындап қойған болар. Бірақ соңғы қоңырау, ҰБТ шаруларымен босай алмай қалғандар да баршылық. 

Кешке аз уақыт қалғанда көйлек таңдау қиын мәселеге айналады. Біріншіден, көйлек тіктіріп үлгермейсіз. Сондықтан базар мен дүкендерді аралағаннан басқа амал қалмайды. Алайда көп жағдайда дайын көйлектер ұсақ-түйектеріне дейін ойластырылған болады. Тек солардың арасынан қазіргі сәнді есепке алып, өзіңізге жарасатынын таңдаңыз. 

Шілтер                    

Бейнеңізді бір сәтте нәзік жене романтикалық қылудың бірден бір амалы. Тек түсін өзіңізге тән таңдаңыз. Ашық түстер "періштелік" бейнеге сай болса, қара, күңгірт-қызыл түсті шілтерлі көйлектер драматикалық look-қа келеді. 

Жылтыр                  

Салтанатты көйлекте күнделікті өзіңізге киюге рұқсат бермейтін бейнелерді қолдануға болады. Мысалы жылтыр элементтері бар көйлек сізді бірден көпшіліктен ерекшелейді. Әрине, түгелімен жылтыр көйлектерді Жаңа Жыл кеші мен билеу кештеріне қалдыра қойыңыз. Мектеп бітіру кешіне тек үсті, не аксессуарлары жылтыр бейне үйлеседі.

Баска                       

Баска соңғы маусымдарда нағыз трендке айналып, танымалдылыққа ие болды. Бұл кішкентай элемент бүкіл бейнеге салтанаттылық қосады. Сондықтан қарапайым қара көйлек те сәнді көрінеді. Айта кетсек, мұндай пішін фигураның кейбір кемшіліктерін жасыра алады.

Ассиметриялы пішін               

Мектеп бітіру кешіне мінсіз нұсқа - ұзын ассиметриялы пішінді көйлек. Иығынан басталып, соңындағы тілігіне дейін бұндай көйлек фигураның кемшіліктерін жасырып, жақсы жақтарын көрсетеді. 

Ретро                            

"Ұлы Гэтсби" фильміндегі 20 жылдар стилі соңғы кезде жұлдыздар арасында танымал. Сіз де ретро стилін таңдап, арт-деко дәуірінің салтанатының бір бөлігіне айналыңыз. Ол үшін түзу, орта ұзындықты, шашақ не тастармен әшекейленген көйлек таңдаңыз.

       

Шифон

Шифон – салтанатты көйлектер тігуге жаралған мата. Әсіресе жазда бұл жеңіл, ұшып тұратын жартылай мөлдір матадан тігілген көйлекті кимеске болмайды. Мектеп бітіру кешінде өзіңізді нәзік, жеңіл, сұлу сезінесіз.

Омбре             

Бір түсті көйлектер көптігінен ерекшеленгіңіз келе ме? Ендеше омбре түсті көйлек таңдаңыз. Бірнеше түстің бір-біріне өтуі сізді жұмбақ ару қылады. Түстерге келетін болсақ, омбреде кез келген түстер үйлесе алады: ақ, нәзік қызғылт, көгілдір, көк, қара көк, күлгін.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua

8348 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 30 мамыр 2013, 13:47
Пікірлер
+0
30 мамыр 2013, 14:27

Өкінішке орай, жалаңаштануға жақсы жазба жазыпсыз!!!

+0
30 мамыр 2013, 14:56

бітіру кешінебарсаң көзің тұнады соныдай жалаңаш көйлетерден!!!

+0
30 мамыр 2013, 15:36

уаау кыздар :shock:

+0
30 мамыр 2013, 16:03

өзімнің банкетке киген көйлегім есіме түссе жыным келеді :roll: өкінбес үшін ең жақсысын таңдаңдар, қыздар!!!

+0
30 мамыр 2013, 23:46

баска мен шілтер ұнадыы!!

+0
31 мамыр 2013, 06:49

Керемет таңдаулар екен

+0
31 мамыр 2013, 10:22

Омбре

+0
05 маусым 2013, 12:40

Баска Омбре

+0
10 маусым 2013, 20:33

жылтыр ұнады

+0
12 маусым 2013, 01:10

шілтер таппадым :( бітіру кешіне қысқа киген жаман ғой. қысқаны онсыз да тойға, кешерге киюге болады, ал әдемі, ұзыыыыын, салтанатты көйлектерді киетін мүмкіндік көп келе бермейді ғой. әрі тылтиған, аяғы, арқасы, омырауы жарқырап тұратын көйлектер киген ата-аналардан, мұғалімдерден ұяттау сияқты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Азандағы мен №2
Азандағы мен №2

"Америкада бұлай, Англияда солай" демей, өзіміздің...

Гормондар ойнайды, лә-лә-лә
Гормондар ойнайды, лә-лә-лә

Адам биология, химия мен физикаға тәуелді... Мойындамай көріңізші

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...