Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Джинсыдың туған күні!

Джинсыдың туған күні!

Джинсыдың туған күні!

Бүгінде джинсы киімдер кез келген адамның гардеробынан табылады. Тәй-тәйлаған бөбек те, алпысты алқымдаған ата да, нәзік жандыларымыз да, білектілеріміз де джинсымен етене таныс, айнымас дос.

Осы бір киімдердің астында бір ғана буын өскен жоқ. Джинсы киімдердің тарихы осыдан 200 жыл бұрын бастау алған. Яғни, ең алғашқы патенттелген джинсыды 1850 жылы Американың Леви Страусс есімді азаматы сатылымға шығарды. Бұл джинсы 1 доллар 46 центке бағаланған екен.

Бұл джинсыдың атасы өте қатты кенептен тігілген көп қалталы шалбар болатын. Жаңа киімді қарапайым халық бірден қабылдап, тез таратып жіберді. Джинсы үлкен сұранысқа ие бола бастады. Нәтижесінде Страусс Сан-Франциско қаласында «Levi Strauss & Co» фирмасын ашып, осы салада қызу жұмыс жүргізе бастады.

1873 жылдың дәл осы күнінде, яғни, жиырмасыншы мамыр күні «Levi Strauss & Co»  тойтармалы қалталары бар шалбарларды өндіруге лицензия алды. Дәл осы күні джинсыдың туған күні ретінде ресми түрде бекітілді. 1886 жылы «Levi’s»-тің джинсыларында атақты былғары лейблдар пайда бола бастады.

Жұмысшы халық жаңа шалбарлардың қолайлылығы мен төзімділігін жоғары бағалады. Осыдан көп уақыт өтпей жатып, сұр матаның орнына адам көзі бірден түсетін "деним" аталатын көк түсті матаны қолдана бастады. ХХ ғасырдың ортасында Lee, Wrangler, Cooper деген алпауыттар пайда болмайынша, «Levi’s»-ке қарсы тұра алар ешбір бәсеке болмады.

«Levis» шалбарларын бояу үшін қолданылатын "индиго" бояуы табиғи ингредиенттердің негізінде жасалғандықтан бағасы да өте қымбатқа түсті. Кейіннен бұл мәселе де өз шешімін тапты. 1878 жылы неміс химигі Adolf von Baeyer табиғи индигоның синтетикалық баламасын ойлап шығарып, джинсылардың бағасы төмендей бастады.Оның сатылымымен Calvin Klein, Diesel, Gap, Guess, Mustang, Polo, Tommy Hilfinger, Zara компаниялары айналысатын болды. Джинсы барлық жас пен кез келген тап үшін ең сәнді киімге айналды.

1926 жылы шалбарлардың ауында сырмалар пайда бола бастады.  «Levi’s» 1981 жылы алғаш рет әйелдерге арналған джинсыларды сатылымға шығарды. 1995 жылы "стрейтч" джинсылары көрінді. Содан бері джинсы әлемінде жаңалықтар үзілген емес. Және джинсыдың адам өмірінен алатын орны артпаса, кеміген жоқ.

 

Суреттер:clubs.ya.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2344 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 мамыр 2013, 02:02
Пікірлер
+0
20 мамыр 2013, 10:17

Бұл шалбарладың көк түске боялу тарихының өзі ерекше ғой. Шатаспасам кеме тасыфмалы кезінде көк түсті бояу киімдердің біраз бөлігіне төгіліп қалады. Кейіннен, "ана жолғыдай көк шалбарларыңыздан тағы да 500 штук әкеле аласыздар ма ?" дегенге саятын комерциялық сұраныс түседі. Осылайша бұл шалбарлар көк түске боялады

+0
20 мамыр 2013, 11:36

менің сүйікті кимім :P

+0
20 мамыр 2013, 14:25

бізде универде бір мұғалім бар: "джинсы шетелдіктердің қара жұмысқа, машина жууға киетін жаман киімдері, ал сендер оны біздің қарашаңыраққа киіп келесіңдер, Әуезовтың аудиториясына дақ келтіріп отырасыңдар, құртыңдар" деп ұрысады ылғи))

+0
21 мамыр 2013, 01:05

Джинс деген джинды киім ғо :D

+0
21 мамыр 2013, 13:49

біздің қазақ тілінен беретін апайымыз да джинсы ағылшындардың атқосшылары мен жұмысшылардың киімі деп отыратын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...