Испандар киім түзетін спрей жасап шығарды

Испандар киім түзетін спрей жасап шығарды

Сән саласының дизайнері испандық Манель Торрес гардеробтың орнын басатын әлемдегі ең бірінші спрейді жасап шығарыпты.

Егер спрейді жалаңаш денеге шашар болсаңыз, онда нағыз кездеменің (мата) үстіңізден табылғанына куә болмақсыз.  Бұл дегеніміз, тұла бойға шашу арқылы футболка немесе теркөйлек немесе жейде алуға болады деген сөз.

Спрейдің толық құрамы еріткіш пен полимер материал араласқан мақта талшығынан тұрғандықтан, сұйық түрде денеге шашылған аралықта бірігіп, бір тұтас тігінге айнала бастайды. Мұндай өнім текстурасының (құрылымдық сипаты) құбылуына тікелей зығыр мен жүн-мата талшықтары әсер етеді екен.

Торрес қолға алған өз жобасын (“Fabrican Ltd”) инженер-химик Пол Лукхем бірлесе отырып жүзеге асырған. Және осы тұста бір айта кетерлігі, жоба аясында спрейлермен бір қатарда тазалық салфеткаларын, үй жиһаздарына қажетті құндақ тыс қаптамаларын, көлікке керек-ті уақ-түйектер өндірісі де қолға алынбақ.  Одан бұрын, бағасы 15 доллардың ар жақ-бер жағынан табылатын бүріккіш өнімнің ендігі жылы шығатыны жайлы айтылып жатыр.

"Шындығы сол, бұрыннан жапсарсыз, тез қолданылатын әрі ыңғайлы футуристік материал  жасағым келіп жүрген. Ондай өнімді іздестіру жолында жүн-мақта бағытына бет бұрып, нәтижесінде тігін спрейін жасап шығарудың аз-ақ алдында тұрмын" - дейді Торрес.



Сурет:www.bugaga.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига