Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену... ІІІ бөлім

Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену... ІІІ бөлім

Өмірдің тойы, көңілдің тойы - үйлену... ІІІ бөлім

Бір-ақ күнде қуантып қос ананы,
Сыңсу айтып қыз көңіл босағаны.
Әлпештеген әкеңнің аппақ қызы ең,
Ақ келін боп аттадың,
Ақ келін боп аттадың босағаны (Н.Бердалы)

Жалғасы...

Аяулы оқырмандар! Өткен жолы өздеріңізге жар таңдау, құда түсу, қыз ұзату дәстүрлері туралы баяндаған болсақ, бүгін сіздермен келін түсіру салттары жайында сөз қозғайтын боламыз.

... Өз жұрты қимастықпен шығарып салған келінің жасаулы көшінің алдынан ауыл әйелдері шашу шашып қарсы алады. Кімде-кім көш бастар түйенің бұйдасын қабылдап алып, ауылға жетектеп енсе, «мұрындық апа» атанып, тиісті сыйлығын алады. Ауыл адамдары дереу жүкті түсіріп, ақ отауды тігуге кіріседі. Әдетте ақ отау күйеу әкесі үйінің оң жағына тігіледі. Мұнда да отаудың шаңырағын көтеруге балалы-шағалы, төңірекке жақсы атағы жайылған салиқалы ана таңдалады. Отау тігіліп болысымен, түрлі жиһаздар шығарылып, жайнатып жиналады. Осы кезде бір жеңгесімен ауыл шетіне атынан түсіп, хабар күтіп тұрған келіннің алдынан ауылдың қыз-келіншектері шымылдық алып шығады. Бет жүзі үлкендерге көрсетілмей, шымылдықпен бүркемеленген келінді алдымен қайын атасының үйіне кіргізеді. Ұлы шаңырақтың босағасынан оң аяқпен аттасымен, тізесін бүгіп, үш рет сәлем берген келініне атасы «Көп жаса қарағым!» деп батасын береді. Содан соң, жас келінді ошақ жанындағы жұмсақ тулақ-баспаққа отырғызады. Бұл «Жаңа түскен келіннің мінезі тулақтай жұмсақ, биязы болсын» деген ырым. Ошақтағы отқа май құйған жас келін: "От Ана, Май Ана, шапағатыңды тигізе көр, жарылқа!"-дейді. Ал қалыңдықты қоршаған әйелдер қолдарын отқа қыздырып, «Оттай опалы бол!» - деп оның маңдайына тигізеді.

Осы рәсімдер аяқталған соң, жас келінді ақ отауға әкеледі. Күйеу шешесі шашу шашып, оң аяғымен табалдырық аттаған жас келінді сол жаққа тігілген шымылдық ішіне отырғызады. Қарсы алушы қыз-келіншектерге қыз шешесі күміс білезік, сақина, жүзік, сырға, алқа, түрлі маржан тастар үлестіреді.

Қонақтарға табақ тартылып, ақсақалдар бата оқыған сар табақтан ақ отауға сыбаға (үлпершек) жібергенде, жас келін оны сәлем етіп қабылдайды. Ауыл адамдарымен жаңа түскен келінді таныстыру  үшін «беташар» басталады. Беташардың екінші бөлімі «Айт, келін» де аталады. Онда жаңа түскен жас келіннің үй шаруашылығындағы міндеті, атқаратын қызметі, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, үлкендерді, жолдас-жораны, қонақты сыйлауы сөз болады. Әдепті, өнегелі бол, өсек айтпа, үлкендерді сыйла, ерінбей еңбек ет деген сияқты өсиеттер айтылады.

Беташар айтатын жігіт әркімді таныстырып  тұрып, «Бір сәлем» дегенде, келін тәжім етіп, ақын желектің  төменгі ұшын шыбықпен көтеріп қалып, оны жұртқа көрсетеді. Бет ашушыға келінді сүйеп тұрған қыз жеңгесі мен жігіт жеңгесіне жібек көйлек, биқасап шапан кигізеді. Беташардан соң, ауыл жастары түнімен ойын-сауық жасап, думанды кеш құрады. Ертеңіне «келін түсіру тойы» жасалады. Тойбастардың бірден айтылып, той ашылу тұсы болмаса, келін түсіру тойы негізінен қыз ұзату тойымен бірдей өткізіледі.

Үйлену тойының ең бір жауапты кезеңі – қыз бен жігіттің некесін қию. Күміс жүзік, сақина және садақ жебесі салынған сырлы тостағанға су құйылып, молданың алдындағы жайылған ақ шүберекке қояды. Неке дұғасы оқылғанда, молда: «Бәленше қызы түгеншені әйелдікке алуға ризасыз ба, жігіт?» деп, тостағанды алдында отырған жігіттерге ұсынады.

Куә, куә, куәдірміз (куәлармыз)

Куәлікке жүрәдірміз (жүреміз),

Таңда, хақ алдында,

Бүгінде халық алдында

Ақ куәлігін бередүрміз(береміз), - деп ант берген үш жігіт күйеуге барып: "Бәленшенің қызы түгеншені әйелдікке алуға ризасыз ба?!" - деп тостағанды ұсынады. Күйеу жігіт тостағандағы судан бір рет ұрттап, ризашылығын білдіреді де, қайтып береді. Осы ретпен қыздың ризашылығы да сұралып, неке суы ішіледі. Ең соңында тостағандағы судан әкесі, бас құда, куәлікке жүрген үш жігіт бір-бір ұрттап, молдаға қайтарады. Некенің берік болуы үшін дұға оқып, қолдағы бұйымдарды келінге ұсынады. Той  иесі молдаға малдай не ақшалай «неке қиярын» беріп, куәлікке жүрген жігіттерге шапан кигізеді. Үлкендер отырған үйде ақын-жыраулар жыр айтып, қауымды риза қылады.

Қазақ салты бойынша, неке оқылғаннан кейін жас жұбайлардың шымылдығына үкі тағылады. Себебі:

  • Үкі – күндіз жатып, тіршілігіне түнде кірісетін құс;
  • Ата-ана ол балаларына бас-көз болсын деп ырымдайды;
  • Үкінің қауырсыны сұлу, сәнге керек;
  • Үкі келіннің қыз күніндегі тақиясына тағылған, естелік ретінде бірге болуға тиіс.

Дәстүрлі үйлену тойындағы сынды да шешуші сәт «ақ неке түні» деп аталады. Жеңгелер қалыңдық пен күйеуге арнап төсек салып, көрпе үстіне ақ шүберек («неке жаулық») төсеп, тілеуін тілеп, екі жасты жеке қалдырады. «Шөлмек мың түнде сынбайды, бір күнде сынады» демекші, бұл күні күйеуі алдында қалыңдықтың пәктігі, арулық абыройы тексеріледі. Қалыңдықтың қыз қасиетін жоғары ұстап, заңды некеге дейін беті ашылмай, құтты орнына қонуы өз басы мен туған ата-анасына абырой әперумен қатар, оның шын мәнінде бақытты болуының да кепілі.

Егер қалыңдықтың ары таза болмай шықса, күйеудің жолдастары оның ерттеулі атының ішін жарып, тәуір киімдерін турап, ер-тұрманын шапқылап қиратады. Әдетте бұған ешкім де ара тұра алмайды. Күйеу: «Алтын дегенім мыс болды, күміс дегенім жез болды. Мен қалыңмалды қатынға емес, қызға төлеп едім ғой», - деп қалыңдықтан бас тартады. Қыздың масқара болған әкесі мен туыстары оның бұзылуына себепші болған жігітті тауып, екеуін де түйеге таңып, асып өлтірген.

Кей жағдайда кіші қызын беріп, күйеуді риза қылып құтылған болған. Осылайша сүйекке таңба түсірмес үшін де әрбір ата-ана бойжеткенін тезірек құтты орнына қондыруға асыққан. «Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын» деп білген ата-бабаларымыз сондықтан да дәстүрлі тойына ерекше мән беріп, қайталанбас сән-салтанатты бұлжымас қағидаларымен қоса-қабат жүретін берік өмір салтына айналдырған.

Той өткен соң, құда мен құдағиға киіт кигізіп, түйе жетектетіп, ат мінгізіп, құрметпен шығарып салады.

I бөлім

II бөлім

Жалғасы бар...

Суреттер:vk.com 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

12126 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 05 сәуір 2013, 17:12
Пікірлер
+0
05 сәуір 2013, 15:11

Ерттеулі аттың ішін жарып, масқара қылатыны туралы дәстүр расымен қатаң екен. :roll:

+0
05 сәуір 2013, 15:13

иә, мен де алғаш рет естіп отырмын, қазір бар ма сондай :shock:

+0
05 сәуір 2013, 15:17

Қазір бар-жоғын білмедім, меніңше бүгінде жойылған :roll:

+0
05 сәуір 2013, 15:32

Ол дәстүрдің жойылғаны қашан... Ол дәстүр болғанда талай нәрсе басқаша болар еді ғой.

+0
06 сәуір 2013, 11:08

мен де 1-2 рет куәлікке жүрәдіргенім бар еді. Мақала керемет, Массагеттіктердің барлығы оқысын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...