Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Линолеумді тазарту

Линолеумді тазарту

Линолеумді тазарту

Линолеумнің де түсі өңеді. Линолеумді тап-таза қылып ұстау ұқыптылықты қажет етеді. 

Ең қарапайым әдіс - көбік сумен жуу. Сабынды сумен жуып болған соң, жұмсақ әрі құрғақ матамен сүрту керек. Тек тазалап қана қоймай, әрін сақтаймын десеңіз, жарты сағат қайнатылған зығыр майымен жуып, кепкесін сумен сүртіп алыңыз. 

Линолеумді жылтыратудың одан да қарапайым әдісі мынау: жүннен жасалған сүрткішпен алдымен жылы, кейін ыстық сумен жуады.

Кір сіңіп қалған линолеумді олифтің көмегімен тазартуға болады. Сосын жүннен жасалған сүрткішпен жақсылап сүртіп шығады. Сия тамып қалған линолеумді пемза тазарта алады. 

Линолеумге май тамып кетсе, дереу ыдыс жууға арналған ұнтақпен жуыңыз. 


Линолеумім жарқырасын десеңіз, балауыз бен скипидар қосындысын пайдаланыңыз. Ал ең оңай әдісі - әлбетте, дүкеннен еденді жылтырататын арнайы қоспаларды сатып алыңыз. 

Линолеумді тазартуға керосин, мүсәтір спирті, шарап, бензин, сода сияқты құралдарды пайдаланбағаныңыз жөн. Өте ыстық суда қатты тісі бар щеткалармен жумаңыз. 

Ескі линолеумді де қалпына келтіруге болады. Ол үшін жарты литр сүтке бір жұмыртқаны салып, 12-15 минуттай араластырады, сосын сол қоспамен линолеумді сүртеді. Кепкен кезде линолеуміңіз бұрынғыдай жалтырайтын болады. 

Линолеумге күннің көзін қатты түсірмеңіз. Тамып кеткен дақтарды дереу сүртіп алыңыз. Дүкеннен сатып алған жуу ұнтағының сыртын мұқият оқып шыққаныңыз дұрыс.

Арзан линолеумге жүгірмеңіз. Арзан линолеумге қанша ұқыпты қарасақ та, ол көпке шыдай алмайды. 

Сурет: constructresurs.com, allwomens.ru

2630 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 02 наурыз 2012, 11:00
Пікірлер
+0
02 наурыз 2012, 13:39

Линолеумның асты көтеріліп кететін болып тұрады. Суды төгіп тұрып жумау керек.

+0
02 наурыз 2012, 14:58

Бәрі сапасыз істегеннен шығар

+0
02 наурыз 2012, 17:07

пәтерде тұрған соң ба, қазірше оқудың реті жоқ деп шештім

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...