Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Ақылды ананың ақылы

Ақылды ананың ақылы

Ақылды ананың ақылы

«Қыз жат жұрттық», «қыз қонақ». Ұзатылған бойжеткен ақ босаға аттап келін болды. Анасы бауыр ет балапанына былай деп ақыл айтты:

- Қызым, бүгіннен бастап сен біздің қолымыздан кеттің. Басқа бір адамның жары, жақыны болдың. Күйеуің сенің ендігі бүкіл өміріңе серік болатын адам. Қуанышыңды көбейтеді, қайғыңды азайтады. Оның саған деген махаббаты мен үмітін аяғыңа таптама. Қызым, отбасы болу оңай шаруа емес. Бір шаңырақта қайын атаң мен қайын енеңді құрметте. Оларды өз анаң, өз әкеңдей көр. Кішіге құрмет, үлкенге иба таныт. Оларды түсін, мінезін көкейіңе түй, сол мінездерге қарай мәміле жаса. Олармен түс шайысып, қабақ шытысудан аулақ бол. Өйткені, сенің бұл ісіңнің жүгін, ауырлығын басқа емес күйеуің көтереді, жүрегіне салмақ түседі. Екі оттың ортасында қалады. Ер адам жанұяның тірегі, күйеуің қам-қайғысыз болсын. Олардың көңілінде алаң болса істеген жұмысында береке болмайды. Оған сүйеу бол.

Қызым, күйеуіңнен сыр жасырма. Күйеуіңнен басқа адамға сыр айтпа. Басқалардың алдында күйеуіңе қарсы сөз айтпа, абыройын төкпе. Ер азаматтар әйелінің ең үлкен, ең жаман деген кемшіліктерін бірден кешіріп жібере алады, бірақ, дәл осы дос-жаран, көпшіліктің алдында бетінен алып, қарсы сөз айтқан кезіңді мүлде кешіре алмайды. Бұл олардың табиғаттарында жоқ. Қанша айтқың келіп тұрса да, ел-жұрттың алдында оны мақтап, шарапатын асыр.

Қызым, күйеуің іш тартатын, жақсы көрмейтін істерден аулақ бол, ондай әдеттерің болса таста. Күйеуің тапқан ақша мен байлыққа ұқыпты бол. Үйдің ырысы мен берекесі сенің қолыңда. Үйіңді таза, ретті ұста. Балаларың әкесін сағынып, одан өнеге алуға үйрет. Құрметтеуді үйрет. Олардың көкірегінде әкесінен ұлы адам болмасын.

Қызым, бұл айтқан істерді орындау ақылды, ибалы келіндер үшін орындау тым қиын емес. Ақылды әйел күшімен емес, зердесімен-ақ тау қотарады. Өзіңді күйеуіңнен төмен ұста, асқақтау сенің бүкіл өміріңе, бақытыңа, жылы отбасыңның тамырына балта шабады.

Үй болған соң, шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды. Осындай сәттерде салмақты бол, кей сөздерді айтудың керегі де жоқ. Бет-әлпетіңді, сөз ләміңді суыққа салып немесе байсал қалпыңнан өзгерте көрме. Ашу өткінші, оған қарсы болам деме. Жақсы әйел – өз күйеуінің ашуы алдында да өзін еркін ұстап, оған еркелей білетін әйел.

Қызым, балаларыңды мектепке дейін жақсы тәрбиеле. Бала бүкіл өміріне жететін ақылды мектепке дейін алады.

Қызым, бақытты бол!

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: kerekinfo.kz

6886 12
Рейтинг: +7

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 22 қаңтар 2013, 13:47
Пікірлер
+0
22 қаңтар 2013, 13:58

Тек қыздарға арналған жазба екен! :oops: :)

+0
22 қаңтар 2013, 13:59

Қыздарға арнап ұлдар жазатын болды ғой ;) :D

+0
22 қаңтар 2013, 14:00

Ех........

+0
22 қаңтар 2013, 14:01

Осы тектес жазбаны бір жақтан оқығанмын. Сондай-ақ, Әз-атаның шығармаларынан осындай дана-нақылдарды көптеп кездестіресің. Әттең, оны кейде қыздары түгілі, шешелері оқымайды

+0
22 қаңтар 2013, 14:10

Осы айтқанды жасаса ажырасу деген болмайды ғой

+0
22 қаңтар 2013, 14:14

"Инабат" кiтабын жылда кайталап окып турамын. Онын iшiнде осы тектес акыл,насихаттар бар.

+0
22 қаңтар 2013, 14:26

Қыздардың құлақтарына алтын сырқа, осыны естеріңде сақтаңдар енді, білдіңдер ме? А? :twisted: ;)

+0
22 қаңтар 2013, 14:28

Рахмет, өте жақсы кеңестер екен. Кітап оқу азайған заманда осындай ықшам етіп беру пайдалы ғой.

+0
22 қаңтар 2013, 15:11

Жарайды деп сызылып отырып қалсаң да е :lol:

+0
22 қаңтар 2013, 15:43

"Қазақ мың мың жасасын" дұрыс айтады, қосыламын сөзіне

+0
22 қаңтар 2013, 17:16

jigit jazgany ote durys bolgan,olarga kobirek belgili goi

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...