Көктайғақтан сақтанайық

Көктайғақтан сақтанайық

Қыстың жағымсыз қасиеттерінің бірі - көктайғақтың уақыты келді. Мұзда құлап қалу ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Сол себепті одан сақтану шараларын қолға алайық.

  • Сонымен көктайғақта құламаймын десеңіз, арнайы табаны кедір-бұдыр аяқ киім алған жөн.
  • Өкшесі биік етікте құлау мүмкіндігіңіз жоғары екенін ескеріңіз.

Етігіңіз бәрібір тайғанап жүрсе, мына кеңестерді қолданып көріңіз.

  • Етігіңізді алдын ала етікшіге апаруыңызға болады. Ол табанына арнайы резеңке жабыстырып, оны тайғанамайтындай қылады. 
  • Кейбіреулер аяқ киім табанына лейкопластырь жабыстырады. Бірақ ол 3-5 күнге ғана сақталады.
  • Өкшесіз жүре алмайтын аруларға өкшесінің астына киіз кесегін жабыстырып алуға кеңес береміз.
  • Ескі әдістердің бірі - шығар алдында табанды картоппен ысқылап сүрту. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: hudyashka.ru

С. А