Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Әйгілі тауарлар

Әйгілі тауарлар

Әйгілі тауарлар

Маркетинг - өмірімізді қызыққа толтыратын ғылымдардың бірі. Тауарды сату мақсатында маркетологтардың ойлап таппаған айлалары қалмаған болар. Әрине бұндай ұсақ-түйектерге таңданбасқа болмайды.

Chupa Chups

Таяқтағы кәмпиттер ең бірінші бүлдіршіндерге емес, олардың ата-аналарына ұнады. Олар кәдімгі соратын кәмпиттерге қарағанда балалардың үсті-басын былғамайды. Чупа Чупсты испандық Энрике Бернат ойлап шығарыпты. Алайда бұл ой оған танымал орыстардың таяқтағы әтеш кәмпиттерінен келген болар. Логотипінің дизайнын әйгілі Сальвадор Дали ойлап тапқан екен.

Red Bull

Танымал энергетик сусындар жайлы қалыптасқан ойды мүлдем ауыстырды. Бағасы кәдімгі сусыннан екі есе көп, ал бөтелкесі керісінше кемиді. Маркетологтар Red Bull бөтелкелерін дүкендерде күтпейтін бұрыштарға қойып, студенттік жатақханаларда тегін таратқан. Дизайнерлердің де қосқан үлесі бар: Red Bull бөтелкесі қарапайым батарея сияқты жасалынған.

Alka Seltzer

Танымал "бас жазатын" дәрілердің бірден екі данасын ішу дәстүрі 1960 жылы шыққан жарнамадан бастау алған. Бұл ойды бірден барлық фармокологиялық маркалар, сағыз өндірушілер қолдана бастады. Нәтижесінде біз қажет емес екінші дәріні ішіп, оларға екі есе кіріс берудеміз.

 
Pepsi

Pepsi мен Coca Cola сусындарының таласы ондаған жылдарға созылуда. Coca Cola бөтелкелері 170 мл болғанда, Pepsi 340 мл болып шығара бастады. Бағалары бірдей болғандықтан, сатып алушы әрине Pepsi-ді таңдаған. Осылайша әйгілі болған сусын қазірде жұлдыздар, әншілер, футболшылар қатысқан жарнамаларымен де танымал.
Snickers

Әу баста Snickers-ті толыққанды түскі асқа балама болатын тіскебасар ретінде жарнамалаған. Алайда бұндай жарнама шоколадқа ерекше танымалдық әкеле алмады. Уақыт өте оны жасөспірімдерге арналған тәтті ретінде жарнамалай бастады. Осы ойдың арқасында қазірде бұл шоколадты жеп көрмеген жан жоқ болар.
Tefal
Ұзақ уақыт бойы компания басшылығы өздерінің табаларының сәттілік сыры тамақты майсыз дайындау мүмкіндігінде деп ойлаған. Алайда қарапайым үй шаруасындағы әйелдерге оның басқа қасиеті ұнаған екен. Бұл табалар еш қиындықсыз тез жуылады: бұған себеп табанына тағам жабыспайды. Жарнамасына сәл өзгеріс енгізгеннен кейін бұл марка әлемдік танымалдыққа ие болды.
 
Ал сіз өзіңізді маркетингтің құрбаны деп санайсыз ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.com.ua
8282 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 29 қазан 2012, 17:46
Пікірлер
+0
29 қазан 2012, 17:37

санамағанда ше, мына қоғамда жарнамасыз аяқ алып жүре алмайсың ғой :geek:

+0
29 қазан 2012, 17:43

Құрбанымын.

+0
29 қазан 2012, 17:47

Ең мықты маркетингті жұмыстар

+0
29 қазан 2012, 18:13

Сниерсті коп жеймін, чупа-чупсты баягыда қораз кәмпитпен араластырып жеп, соңында сағызын шайнайтын едім. Ал пепси мен ред-булды ішпеймін мулде!

+0
29 қазан 2012, 18:49

Дәмі аузымда тұрған синкерсті есіме тағы түсіріп жібердіңіздер-ау.

+0
29 қазан 2012, 19:06

Әлгі Сникерстің дәмін ай десеңші.

+0
30 қазан 2012, 19:39

Құрбанымыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...