Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Әлемдегі ең сүйікті жар менің күйеуімде болады

Әлемдегі ең сүйікті жар менің күйеуімде болады

Әлемдегі ең сүйікті жар менің күйеуімде болады

Құрметті арулар, бәріміз болашақта бір отбасының отын түтетіп отыратын келінбіз, жарты жүрек жігіттің көңілін бүтіндейтін жармыз, үй ішін сәбилердің шат күлкісіне толтырар аяулы анамыз. Біздер ертең туған анамыз бен әкемізден, туған жер мен сондағы алып қара шаңырақтан ұзатылып, қайын жұртқа қарай қайырыламыз. Өйткені тұрмыс құрып, бала сүю - қыз баланың парызы. Жолдасыңыздың сізге деген тәп-тәтті сезімдерінің дәмін кетіріп алмастан әлемге аңыз боп аты тарарлықтай отбасы болу үшін көп нәрсе керек те емес. Қазірден бастап өзіңізді  ене мектебі мен жар мектебіне дайындай беріңіз! Бүгіннен бастап "Әлемдегі ең сүйікті жар менің күйеуімде болады" деп сеніңіз! Сеніп қана қоймай, соған талпыныңыз!

Жар таңдауда жаңылмаңыз! Өмірдің ақтық мәресіне дейін бірге қол ұстасып баратын жанды іздеу - оңай шаруа емес. Мұндай іс көбіне ерлердің пайдасына шешілетіні тағы бар. Жігіттер талай қыздың ішінен жар боларлық жанды таңдаса, қыздар өзін таңдағандардың арасынан ғана таңдау жасайды. Бұл рас! Кейде мүмкін болмай жатса да, өмірлік жар таңдау жолында бірін-бірі кем сүймейтін жандар қосылса құба-құп. "Өзі сүю - қыздардың соры ғана","Өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді таңда!" деп жатамыз кейде. Айтуға оңай! Бастысы, жар таңдау жолында жаңылмастан,  құлап жатсаңыз сүйеу болатын, жылап жатсаңыз жүрегі езілетін, қайғыра қалсаңыз, қабырғасы қайысатын, ішіңіздегіні айтқызбай-ақ ұғатын жан іздеңіз және табыңыз!

Сеніңіз, сенімді болыңыз! Қашан да болашақта жолдарыңыз қосылар серігіңізге сенуге тырсыңыз. "Сенім болмаған жерде махаббат та болмайды". Мұны шығарған мен емес, бұрыннан бар сөз. Дәлелсіз сөз деп айтуға да болмайды. Сіздің сеніміңіз берік болмай, серігіңіз сезім болмайды. Егер болашақ жарыңыз сеніміңізден шықпай жатса, онда жақсылап сөйлесіп алыңыз. Жоқ, кейінге қалдырмаңыз! Саусағыңызға неке жүзігін салғанға дейін, басыңызға ақ жаулықты таққанға дейін бәрін шешіп алыңыз! Өзіңіз де оның сенімінен шыға біліңіз! Тағдыр жібін онымен байлағыңыз келсе, расымен сүйгеніңізді тапқаныңызға көзіңіз жетсе, қажет емес, алдамаңыз! 

Туыстарымен, достарымен танысыңыз! Егер болашақ жолдасыңыз сізді туыстарымен не достарымен таныстырмақ болса, одан қашудың қажеті шамалы. Демек, ол расында сізді жар етіп алуға шешім қабылдаған. Оның жақындарымен танысуыңыз оны тереңірек білу үшін өзіңізге де тиімді. Ал қалай, қайтіп таныстыру жайында біз айтқанбыз.

Шектен тыс мінезіңізді көрсете бермеңіз! Ол сізге сөз айтып жүргенде, қырсығып, қыңырлық танытқаныңыз рас. Ал енді ол сіздің жігітіңіз, болашақ жарыңыз! Бүйректен сирақ шығармайын десеңіз, орынсыз мінез танытпаңыз. Оны түсініңіз. 

Сыр айтыңыз! Егер расымен сөз байласып қойсаңыз, оған сыр ашуға қорықпаңыз. Оны ең жақын жандарыңыздың тізіміне қосыңыз. 

Көп ақыл айтпаңыз, көп ақыл сұраңыз! Жігіттер ақыл айтатын қыздарды онша жақтыра бермейді. Олай дегенім үшін мені жақтырмай қалмаңыз. Рас айтам, сенбесеңіз өздерінен сұраңыз. Онымен білім жарыстырып, сөз таластырғаннан пайда жоқ. Керісінше, жігітіңізден ақыл сұрай беріңіз! 

Жар болуға дайындалыңыз! Тамақ жасауды үйрене беріңіз! Жоқ, күн сайын ішіп жүрген қатып қалған қағидаға айналған тағам жайында айтып тұрғам жоқ. Ол ешқашан дәмін татып көрмеген ас мәзірін үйреніңіз! Аспаздық шеберлігіңізді қазірден бастап шыңдай түсіңіз! Майда-шүйде деп ойламай ер адам киімін үтіктеудің жолдарын да біле жүріңіз! Айта берсек, көп! 

Тұрмысқа шығар алдында анаңыздың жанында көп болыңыз! "Анасына қарап қызын ал" дейді. Бұрындары мән бермей жүрген біраз нәрселердің жай-жапсарына үңілу үшін тұрмысқа шығар алдында анаңыздың жанында көп болыңыз! Қыз ғұмырда байқамай жүрген жайттарды келін болар тұста ғана жақсы түсінесіз. Анаңыздың қандай жар, қанда келін, қандай ана болып жүргеніне қарап сіз де көшіңізді түзейсіз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: facebook.com

7963 14
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 06 қазан 2012, 16:22
Пікірлер
+1
06 қазан 2012, 16:44

әйел адам тұрмысқа шыққанда күйеуін тым жақсы көріп кетеді, ал жігіт үйленгенде өзгенің хатунын қыздай етіп көреді.

+0
09 қазан 2012, 13:41

бәрінде солай ма? 100%?

+0
30 қараша 2012, 00:39

жоға, сенбеңіз! Бәрі олай болса отбасылар саны азайып кетер ед. ;)

+0
06 қазан 2012, 16:52

менің күйеуімнің ең, ең, ең, ең жақсы жары болады!!!!Ешкімнің күмәні болмасын)))

+0
30 қараша 2012, 00:41

күмәнім жоқ

+0
06 қазан 2012, 22:06

Рахмет, Акерке) мына мақалаңның берері көп :)

+0
07 қазан 2012, 09:46

әдемі жазылыпты,ә.... :)

+0
06 қазан 2012, 22:24

Көп рахмет...

+0
07 қазан 2012, 22:27

:idea:

+0
08 қазан 2012, 10:28

Тақырыбы тартып тұр! ;) Бәрін оқып шықтым. Кеңестермен келісемін. Менің күйеуімде - әлемдегі ең сүйікті жар болады!!! :D

+0
08 қазан 2012, 11:10

маган пайдалы кенестер. жалпы маган гана емес баршага пайдалы кенестер. жар тандаганда жигиттердин утары коп дегенге бари косылатын шыгар, оте орынды айтылыпты осы жерлер. мадеЦ.

+0
08 қазан 2012, 15:19

менікі де))

+1
26 наурыз 2013, 01:39

Жігіттер талай қыздың ішінен жар боларлық жанды таңдаса, қыздар өзін таңдағандардың арасынан ғана таңдау жасайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...