Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар #2

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар #2

Өткен жолы отбасының бақыты мен берекесі нәзік жандылардың қолында екенін айтқан болатынбыз. Сенім, шыдамдылық пен бауырмалдықтың қарым-қатынасқа деген әсерін түсіндірдік. Бұл жолы отбасылық өмірге өзіңіздің қосуға тиісті үлесіңіз туралы әңгімелейтін боламыз.

5. Өзі жайлы ұмытпау

Үй шаруасының астында қалып, өзіне күтім жасауға үлгермейтін әйелдер баршылық. Күйеуі мен баласын тамақтандырып, киімдерін жуып, дайындау керек. Осындай шаруалардан шаршап, өзіне де қарауға шамасы келмей жатады. Ал, мұны түсінетін ер адам, өкінішке орай, аз. Сондықтан күнделікті қарбаластың ішінде өзіңізге ең болмағанда жарты сағат уақыт табуға тырысыңыз. Өзіңізді әдемі, сұлу сезіну бойыңызға сенім ұялатады.

6. Әңгімелесе білу

Екі адамның біріне қарым-қатынастағы бір мәселе ұнамаса, оны іште сақтауы үлкен қателік. Туындаған мәселені сыңарыңызбен бөлісе отырып, талқылау керек. Бұл жағдайда ер адамға өктем сөйлеп, кінәлай жөнелмеңіз.

Сондай-ақ, біреудің мазасын алмайын деп те үнсіз қалуға болмайды. Сізді мазалайтын мәселе болса, сол жайлы әңгіме қозғауға жүрексінбеңіз. Сөйлесе білу – махаббатқа қажетті «білімнің» бірі. Бар ойыңызды сыңарыңызбен бөлісіп, еркін пікірлескен кезде бір-біріңізді сөзсіз түсінетіндей жағдайға жетесіз.

7. Бірге уақыт өткізу

Сіздің өз жұмысыңыз, оның өз жұмысы бар, сіздің өз достарыңыз, оның өз ортасы бар. Бұл – заңдылық. Оны бұзып, жоққа шығару қате. Алайда, ол заңдылықтың ырқына бағынып, сүйіктіңізді «еркіндікке» жіберу дұрыс емес. Күнделікті екеуіңізге ғана тиесілі уақыт бөліңіз. Бірге фильм көріп, ойын ойнап, кешкі ас ішіп, не жәй әңгімелесетін уақытыңыз болуы керек.

Бұл нұсқаулықтарға қарасаңыз, еш қиындығы жоқ сияқты көрінеді. Расында да, шын бақытты отбасы бақытты болудың жолы қиын емес екенін айтады. Махаббат қамалын бірге салу, бір-біріңізге сенім мен сүйіспеншілікпен қарау аса қиын дүние емес. Қолда бар алтынның қадірін біліңіз.

Бақытты болыңыздар!

Сурет: ©Михаил Хван

Оқи отырыңыз:

Әрбір әйел заты білуі тиіс қағидалар

Жігіттің жүрегін жаулау үшін...

Жігіттердің жүрегін жаулау үшін...#2

Жігіттер қандай қыздарды ұнатпайды?

Ф. Абилова