Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Ақша үнемдеудің жолдары

Ақша үнемдеудің жолдары

Ақша үнемдеудің жолдары

Көлік, үй, жазғы демалыс... Армандарыңыз көп пе? Әрине көп арман ақшаға тікелей байланысты. Табысыңыз аз емес бола тұра, күнделікті заттарға құртылып кетіп, сол армандағы көлікке жеткізбей жатыр ма? Ендеше үнемдеп үйреніңіз. Күніне үнемделген бірнеше жүз теңге бір уақыттан кейін қомақты соммаға айнала алады.

1. Шығындар жоспары

Шығындарыңызды жоспарлап үйреніңіз. Мысалға, айлық не апталық шығын тізімін құрастырып, тізімде жоқ заттарды өзіңізге алуға рұқсат бермеңіз. Бұл затты келесі айда (не аптада) алуын қарастырамын деп өзіңізге уәде етіңіз. 

2. Шығындарыңызға есеп жүргізіңіз

Күнделікті шығындарыңызды санап, қадағалап жүріңіз. Апталық, айлық шығындарыңызды да санап көріңіз. Ақшаңыздың кейде қажетті емес нәрселерге жұмсалғанына көзіңіз жетті ме? Келесіде осындай жағдайларда үнемді болуға тырысыңыз.

3. Арзанын емес, қажеттісін алыңыз

Шынында керекті зат не қызмет көрсетудің түріне ақша аямаңыз. Оның ең арзаның емес, сапасы жақсысын таңдаңыз. Болашақта оны ауыстыруға тура келмей, ақшаңыз қалтаңызда қалады. Арзан екен деп өзіңізге мүлдем қажет емес тауарларды алудан аулақ болыңыз. Дүкенді аралағанда өзіңізге қажетті нәрсені тауып алып, олардың түрлерінің арасынан өзіңізге ұнағанын таңдап, содан кейін ғана бағасын қараңыз. Жеңілдіктер мен сатылымдарда арзан тауарлар арасынан тек өзіңізге қажеттісін алыңыз.

4. Жоспарлау

Үлкен шығындарды (көлік, жазғы демалыс, т.б.) бір жыл бұрын жоспарлап қойып, оған ақша жинай бастаңыз. Басқа жағдайда бұл заттарға несие алуға тура келеді. Ал бұл одан бетер қымбатқа түсер.

5. Пластикалық карталар

Пластикалық карталармен есеп айырысқанда сіз ақшаның құртылып жатқанын сезбейсіз. Сондықтан ақшаны алдын ала карточкадан алып, қолма-қол ақшамен дүкенге барыңыз. Әр кез әмияныңызды ашып, ішінен ақша шығарғанда, оның кетіп жатқанын көріп, шығындарыңызды қысқарта бастайсыз.

6. Тізім

Дүкенге бармас бұрын қажетті тауарлардың тізімін құрастырыңыз. Дүкенде осы тізім бойынша ғана алып, жарнама мен жеңілдіктерге назар аудармай, артық ештеңе алмаңыз. 

7. Арнайы базарлар не үлкен гипермаркеттерге барыңыз.

  Әдетте гипермаркеттегі бағалар кішігірім дүкендердің бағаларынан 20%-ға төмен. 

8. Маусым аяғындағы сатылымдар

Әдетте әр маусымның аяғында дүкендерде үлкен сатылымдар болады. Осы кезде киім, аяқ киім алып қойсаңыз, келесі маусымға дайын боласыз. Шет елге жолдамалар, көліктер арзанырақ сатылатын кездер де болады. 

9. Қоғамдық көлік

Егер баратын жеріңізге дейін қоғамдық көліктер жүретін болса, такси шақыртып, тіпті өз көлігіңізбен де барудың қажеті шамалы. Бензинге кейде осылай үнемдесеңіз болады.

10. Несиеге "ЖОҚ" деңіз

Қандай жағдай болмасын, несиеге тауарлар алуға бармаңыз. Кез келген затқа ақшаны үнемдеп жинаса болады. Ал несие мойыныңызға ауыр жүк іліп, қажетті сомманы еселеп төлеуге мәжбүрлетеді.

Осы кеңестерді тыңдасаңыз, бюджетіңіздің біршама бөлігін үнемдей аласыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

3286 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 маусым 2012, 14:54
Пікірлер
+0
25 маусым 2012, 15:03

үнемдей алмай жүрмін... ақшасы көп адам сияқты отырмын ғо :)

+0
25 маусым 2012, 15:15

Маған өте керек кеңестер екен...ақшаны дым үнемдей алмаймын! :oops:

+0
25 маусым 2012, 15:40

Жақсы кеңестер екен.

+0
25 маусым 2012, 18:10

Ал, мен алдыңғы аптадан бастап тізім құра бастадым. 2 жерге қыдырып барғаным сол еді, аптасына 6000 тг.жұмсағанымды өзімді де білмей қалдым.

+0
26 маусым 2012, 14:00

ақша үнемдеген жақсы ғой, жақсы. үнемдей алсаң жақсы. үнемдей алмасаң несі жақсы :lol:

+0
03 шілде 2012, 00:43

Ақша үнемдеген жақсы. Әдеттке айналса тіптен жақсы.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...