Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Қыш құмыралары

Қыш құмыралары

Қыш құмыралары

Қазір құмыраларда әзірленген тағам түрлері ерекше танымал болып барады. Оның себебі құмырадағы тамақ өте дәмді, хош иісті болып піседі. Қыш құмыралары туралы кейбір ақпаратпен таныс болыңыздар.

Саздан жасалынатын ыдыс берік, сонымен қатар экологиялық таза болады. Қыш құмыраларында дайындалған тағам дайындалу әдісіне байланысты дәрумендер мен пайдалы қосылыстарын жоғалтпай піседі. Құмыра қабырғалары, түбі, қақпағы да бірдей ысып, тағам бұқтырылып, өз сөлінде дайындалады.

Қыш құмыраларында ботқа, көкөністер, ет, құс еті, балық дайындаса болады. Қою сорпа түрлері ерекше дәмді болып піседі. Өте ыңғайлы, сонымен қатар өте дәмді болып шығады. Дайындаудың басқа әдістеріне қарағанда аз уақыт алып, көп ыдысты да кірлетпейді. 

Құмырадағы әр тағамның пісу уақыты түрлі болады. Сондықтан тағамыңыздың жартысы піспей қалмасын десеңіз, не тамаққа салатын құрамдас бөліктерді алдын ала қуырып, не құмыраға бір-бірлеп салыңыз. Етті де алдын ала дайындаған дұрыс. 

Құмырағадағы тағамға артық су не сорпа құю қажет емес, себебі тамақ өз шырынында дайындалады. Сондай-ақ артық май құймай-ақ қойсаңыз болады, тағам онсыз-ақ татымды болып шығады.

Құмыраны қолданбас бұрын оны 15 минут - 1 сағатқа ішіне су құйып қойған дұрыс. Құмыраны алдын ала ысыған пешке қоймаңыз. 

Құмыраны ыдыс жуатын сұйықтықпен жумаған дұрыс. Кетпейтін дақтарды не майды ас содасымен жуса болады. Жуғаннан кейін оны әбден кептіру керек.

Дүкенде құмыра алғанда әрқайсысында жеке сынық не жарықтардың бар-жоғын тексеріңіз. 

Құмыраның ең дұрыс мөлшері 500гр.

Ал мына жерде құмырада дайындалатын мәзірді таба аласыздар.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: comfort-kitchen.ru

16946 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 маусым 2012, 18:46
Пікірлер
Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...