Қыз күнделігі: Бөлме өсімдіктерін күту

Қыз күнделігі: Бөлме өсімдіктерін күту

Сәлем, құрбым! Арамызда бөлме өсімдіктерін жақсы көрмейтін қыздар өте аз шығар. Кейде оларға ерекше күтім жасап, күнделікті су құйып тұрсақ та, солып қалатын сәттері болады. Оның сыры неде екен? Алдымен осы тақырыпты талдап алайық. Келесі материалдарымызда суды қай өсімдікке қандай мөлшерде құю керектігі, және гүлді қалай отырғызу туралы айтатын боламыз.  

Өсімдіктер өмірі екі кезеңнен тұрады: өсу және тыныштық. Олардың күтімі осы кезңдерге байланысты жүреді. Әдетте тыныштық кезеңі қыс пен күз мезгілімен бірдей. Сол себепті оларға жыл он екі ай бойы су құя беруге болмайды. Әсіресе тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдалану зиян. Қыс мезгілінде тыныштықта болатын өсімдіктерді наурыз-қыркүйек айларының арасында ерекше күткен жөн, ал қыста жақсы өсетін өсімдіктерді тамыз айының соңынан қыркүйек айының басына дейін тыңайтқан дұрыс.

Шаң-тозаң өсімдіктің тыныс алып, бактериялардың көбеюіне жағдай жасайтындықтан, бөлмені үнемі таза ұста. Гүл жапырақшаларын аптасына екі рет астыңғы және төменгі бөлігінен сүрт.

Шіріген жапырақшаларды бірден кесу керек. Есіңді болсын тек таза әрі сау өсімдіктер ғана иелерін қуанта алады.

Оларға күн аралатып пульверизатордың көмегімен жылы су шашу керек. Ал егер керісінше бөлме іші құрғақ болса, жапырақшалардың бетіндегі су тамшыларын мақтамен сүртіп алыңыз.

Сабағы ұзын өсімдіктерді аспалы ыдысқа салған кезде жақсы өседі. Оларды үйдің төбесіне білінбейтін сым темірдің көмегімен іледі.

Бір ыдысқа бірнеше өсімдікті отырғызу арқылы ерекше ансамбль құруға болады. Ал көлемді өсімдіктерді еденге үлкен ыдысқа отырғызған жөн.

Қыс мезігіленде қысқа сабақтар терезе әйнегіне жақын орналасқаны жөн. Ал жаз мезгілінде олардың барлығы дерлік күнге күйіп кетуі мүмкін болғандықтан, терезені жұқа матаның немесе газет-журналдың көмегімен көлегейлеп қойған дұрыс.

Мұнымен қатар өсімдіктердің өсуіне үйдегі от жағу маусымы да әсер етеді. Себебі бірден суық температурадан жылы әрі құрғақ температуға үйрену қиын. Бұл гүл жапырақшаларының түсуіне алып келуі мүмкін.

Бөлме өсімдіктері үшін қыс күн көзі онша көрінбейтін қараша айынан басталады. Оларға көмек болу үшін күніне 2-3 сағат жасанды сәулелендіруге болады. Бәрінен бұрын мұны раушан, қазтамақ, бегония және фуксия сынды гүлдер талап етеді.

Барлық гүлдер өкпек желге төзе алмайды. Сондықтан оларды суық ауа райынан қорғау үшін желкөзден алыс, ал батареяның ыстығынан қорғау үшін астына қағаз төсеп қою қажет.

Жолдаған: Томирис Сағындық

Сурет: ©massaget.kz

Қ. Бүйенбай