Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Пластик терезе таңдау

Пластик терезе таңдау

Пластик терезе таңдау

Пластик терезе таңдау

«Қыстың қамын жаз ойла», «қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» дейді атам қазақ. Қазіргі маусымда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Адамдар үйдің іші-сыртына жөндеу жүргізіп, үйін жылылап, қысқа қамдануда. Пластик терезені дұрыс таңдау да кезек күттірмейтін жұмыс. Өйткені оның пайдалану мерзімі 35-40 жылға созылуы мүмкін. Осындай сападағы ағаш терезе орнатуға да болады, бірақ оның бағасы бірнеше есе қымбатқа түсуі мүмкін. Сондықтан пластик терезе орнатқан тиімді. Ол үйдегі жылуды сақтап, үйді сырттағы шу мен күн сәулесінен қорғайды. 

Пластик терезелердің профильдері

Неміс өндірушілерінің металпластикалық терезе профильдері жақсы беделге ие. (Proplex, KBE, Trocal, Rehau, Veka). Профильдің мырышталған болат негізінде жасалғаны жөн, әйтпесе уақыт өте келе саңылауларын ылғал әсерінен тот басуы мүмкін. Өзіңіз білесіз, Қазақстанның климаты қатал, қысы - суық, жазы – ыстық. Ал заманауи технологиялар терезелерді қорғауға көмек береді.

Профильдегі әуе камераларының саны 

Пластик терезелердің профилі әуе камераларының санымен де ерекшеленеді. Ең тиімдісі - үшкамералы профильдер. Тек камера санын әйнек пакеттердің санымен шатастырмаңыз.

Ұсақ-түйектер...

Фурнитураға терезе жүйенің толық қызмет жасауына қажет барлық механизмдер жатады (тұтқасы, құлып өзегі және т.б.) Заманауи терезелер тұтқасының орналасуына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Ең сапалысы - неміс фурнитуралары.

Әйнек пакет

Әйнек пакет екі немесе одан көп саңылаусыз қосылған камералы әйнектер кешенін құрайды. Камералар ауамен, инертті газбен толтырылады немесе керісінше вакуумды құрайды. Мұндай конструкция жылуды жақсы ұстап, терезе ортасында кір-қоқыс қалдырмайды. Бәрінен бұрын камерадағы инертті газдың жылу мен шуды өткізбейтіні көңіліңізден шығары сөзсіз. Әйнектер ішінде ылғалды жұтатын заты бар қашықтықты жақтаулар орналасқан. Жылуды сақтау үшін әйнек инфрақызыл сәуле өткізбейтін арнайы жабынмен (жұмсақ немесе қатты) қапталады. Бұл қыста жылуды, ал жазда бөлмедегі салқын ауаны сақтауға көмектеседі. Мөлдірлігі кәдімгі тереземен салыстырғанда бірдей-ақ. Энергия сақтаудағы нашар көрсеткіштеріне қарамастан, ылғалдан қорғайтындықтан, қатты жабын түрлері басымдылыққа ие. Қосымша жылу сақтауға көпкамералы  (екі немесе одан көп) әйнек түрлері қолданылуы мүмкін. Әлбетте, терезе енін есепке алған жөн. Тағы да бір қорғаудың түрі – боялған терезелерді қолдану.

Триплекс – бұл арнайы үлбірмен ламинирленген көп қабатты әйнек. Ламинирленген әйнек қауіпсіз, өйткені ол физикалық күш түскенде, сынбайтын болады. Тіпті одан оқ өтпеуі мүмкін. 

Терезе монтажы

Терезені монтаждауға жауапкершілікпен қараған жөн. Алдымен сырты мен ішінен терезе ойығын өткізу керек. Бастысы сыртқы өлшемі терезе жақтауынан үлкен болмауын қадағалаңыз, әйтпесе соның салдарынан ол ұшып кетуі мүмкін. Терезе ойықтарының кейбір кедір-бұдыр жақтарын түзеткен маңызды.

Алдымен ескі терезе жақтауын алып тастаңыз. Жаңа жақтауды орнатуға тік өлшенім (отвес) қолдану қажет. Орнату алдында әрине жарма мен әйнекпакеттер алынып тасталады, сосын терезе ойығына орнатылып біткен соң, өз орнына қайта қойылады. Әр саңылау, қуыстарға құрылыстық көбік құйып, бітеуді ұмытпаңыз. Терезе алды жақтауы ең соңында орнатылады. Пластик терезелерді сіз сатып алған фирма монтаждаса жақсы. Әйтпесе кей ойламаған қиындықтар кезінде өз құқықтарыңызды қорғау қиынға соғады. Және де тек беделді фирманы, тауарды таңдаңыз. «Жақсы нәрсе үшін төлеу керек, жаман нәрсе үшін қайта төлеу керек» деген нақылды ұмытпағаныңыз абзал.

Терезені қалай жуу керектігі туралы да оқи отырыңыз.

Сурет: youriter.in

Автор: Данияр Сәкенов

7538 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: DANIYAR SAKEN
Қосылған күні: 06 маусым 2012, 08:46
Пікірлер
+0
06 маусым 2012, 13:11

Өз үйім болғанда осы кеңестерге жүгінуге тырысамын. :)

+0
06 маусым 2012, 13:54

кезінде осы пластик удай қымбат еді)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...