Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Шаңырақ / Сенбілік. Үй жинау күнтізбесі

Сенбілік. Үй жинау күнтізбесі

Сенбілік. Үй жинау күнтізбесі

Шынымызды айтсақ, көбіміз үй жинағанды жек көреміз. Ал жұмыс пен басқа шаруалар толып тұрған кезде үй жинауға мүлдем уақытымыз болмайды. Осындай кездерде тек керекті жерлерді жинастырып кеткен дұрыс. Ол қандай жерлер? Берілген бір бөлмені қаншалықты жиі жинау керек? Мына үй жинау күнтізбесі арқасында уақытыңызды тиімді пайдаланып, үйіңізді тазалықта ұстай аласыз.

Күнделікті істелуге тиіс:

Ас үй:

  • Қоқыс шығару;
  • Ыдыс-аяқты жуу;
  • Үстелдердің бетін сүрту;
  • Раковинаны тазалау;
  • Еденді шаңсорғыш көмегімен тазалау, дақтарды ылғал шүберекпен кетіру;

Ванна мен туалет:

  • Кран мен басқа хромдалған беттерді сүрту;
  • Сабынның дақтарын тазалау;
  • Сабын су, тіс щеткасы сияқты заттарды орындарына қою;

Басқа бөлмелер:

  • Киім, кітаптар, ойыншықтар және т.б. заттарды орындарына қою;
  • Төсек орындарды жинау;
  • Поштаны тексеріп, қажет емес қағаздарды лақтыру.

Апта сайын істелуге тиіс

Ас үй:

  • Жұмыс беттерін, ас үй жиһазы мен техникасының көрінетін беттерін сүрту;
  • Микротолқынды пешті ішінен және сыртынан жуу;
  • Тоңазытқыштың ішін ретке келтіру;
  • Еденді сыпырып, жуу;
  • Үстел мен орындықтардың бетін сүрту.

Ванна мен туалет:

  • Раковина мен ваннаның ішін жақсылап жуу;
  • Айнаның бетін сүрту;
  • Унитаздың ішін дезинфекциялау;
  • Сабын мен тіс щеткасын салатын жерлерді жуу;
  • Кафельді сүрту;
  • Еденді сыпырып, жуу.

Басқа бөлмелер:

  • Жиһаздың, кітаптардың, ілінген суреттердің, электрониканың, шамдардың бетінен шаң сүрту;
  • Шаңсорғыш көмегімен еденнің, жиһаздың шаңын жинау;
  • Ағаш есіктерді сүрту;
  • Қоқыс жәшіктерін жуу;
  • Айна беттерін сүрту;
  • Ескірген газет мен журналдарды жинап, лақтыру.

Арасына бірнеше апта салып істелуге тиіс:

Ас үй:

  • Тоңазытқыштың үстін жуу, артын шаңсорғыш көмегімен шаңнан тазалау;
  • Тоңазытқыштың ішін жақсылап жуу;
  • Сөрелердің ішін ретке келтіріп, жуу;
  • Терезелер мен перделерді жуу;
  • Шамды жақсылап жуу;
  • Пісіру пешінің ішін жуу.

Ванна және туалет:

  • Душқа арналған ванна пердесін жуу;
  • Сөрелерді ретке келтіру, қажет емес, сақталу уақыты өтіп кеткен сабын суларды лақтыру;
  • Шамды жуу;

Басқа бөлмелер:

  • Жылыту батареялары, переде ілінетін жерді шаңсорғышпен тазалау;
  • Терезелерді жуу;
  • Шамды жуу;
  • Жиһаздың орын ауыстырып, астын тазалау;
  • Жиһазды арнайы сұйықтықпен сүртіп, жылтырын келтіру;
  • Кілем мен паластарды жақсылап тазалау;
  • Матрастарды тазалау;
  • Киім сөрелерін ретке келтіру, керек емес киімдерді лақтыру;
  • Балкон, гараж, жертөле, шатырды ретке келтіріп, тазалау;
  • Ыдыс-аяқ, кітаптар тұрған сөрелерді тазалау.

Сурет skidbon.kz.

12183 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 31 наурыз 2012, 09:42
Пікірлер
+0
31 наурыз 2012, 18:23

Қағазға шығарып іліп қоймасам :)

+0
31 наурыз 2012, 18:31

Көрініп тұрған нәрсені айтпай ақ жасайсың ғой :D

+0
31 наурыз 2012, 23:15

әй маладес) әйтеуір үй іші шан боп, шашылып жатпаса болды :D

+0
01 сәуір 2012, 07:43

Тазалықты жақсы көремін Асеке :P

+0
01 сәуір 2012, 20:31

алдау күні алдап тұрған жоқсыз бааа :?: :idea:

+0
31 наурыз 2012, 20:42

Мұның бәрін өзің жалғыз жасау қиын... :(

+0
31 наурыз 2012, 23:46

Расында бәрін тура осылай істейді екенмін...

+0
01 сәуір 2012, 00:04

массагеттегі қыздардың еең пысығы өзіңіз сияқты ғо :D

+0
01 сәуір 2012, 01:24

Амалым қанша...

+0
01 сәуір 2012, 11:37

тазалық тамашағой, мен бір өзім үй жинағанды ұнатамын, ешкім көмектеспеседе болады, себебі бәрін өзім жасағым келеді тыңғылықты етіп, әрі бір өзім тез бітіремін, ешкім мазаңды алмайды))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...