Бала көзіндегі байлық

Бала көзіндегі байлық

Әке мен ұлы арасындағы тартымды оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз. 

* * * *

Бірде бай әкесі кішкентай ұлын жергілікті фермалардың біріне алып шығады. Сондағысы, адамдардың қаншалықты кедей тұратындығын ұлына көрсету еді. 

Әке мен ұл бір күндерін ферма ауласындағы ең жұпыны отбасында өткізіп қайтты. Үйге келген соң, әкесі ұлынан сұрады:

- Саяхат қалай болды?

- Өте керемет өтті, әке!

- Көрген шығарсың, адамдардың қаншалықты кедей болатындарын? - деп сауал қойды әкесі.

- Иә.

- Өзіңе қандай пікір түйіп қайттың? - деді.

Ұлы жауап берді:

- Көргенім бойынша, біздің үйде бір ит болса, оларда төрт бірдей төбет бар екен. Бізде бақ ортасында бассейн жайғасса, оларда - шеті көрінбейтін теңіз айлағы. Біз бақшаны шаммен жарықтандыратын болсақ, оларға жұлдыз түсіріп тұрады. Бізде артқы аулада патио орналасса, оларда - бүтін бір көкжиек. 

Әкесі ұлының жауабын естіп, жұмған аузын аша алмай қалды.

Ұлы болса, әлі жауап беруде:

- Рақмет, әке, осы бір адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңіз үшін. 

сурет:vk.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига