Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / 50 мың адамның атын білемін!

50 мың адамның атын білемін!

50 мың адамның атын білемін!

Ол он жасқа келген жылы әкесі өмірден озды. Шешесі мен екі інісіне қарайласу оның арқасына жүктелді. Отбасындағы жоқшылық оны оқудан қол үзуге мәжбүр етті. Ол кірпіш зауытына барып, жалдамалы жұмыс істеп, тиын-тебенмен үйін асырады. Осылайша жастық шағын өткерген оны 46 жасқа келген шағында Еуропадағы ең әйгілі 4 университет өз студенттеріне лекция оқуға шақырды. Оның саяси сахнадағы беделі күн сайын артып, демократтар партиясының жетекшісіне айналды. Ол адамдар назарында зор құрметке ие болды.

Бірде журналист одан осыншама жеңіске қалай жеткенінің құпиясын сұрады, ол: «Құлшына қызмет ету, міне – осындай оңай» деп жауап берді. Тілші сонда да қоймай: «Қалжыңдамаңыз!» деп күліп жіберді.

Ол әлгі репортердан: «Ендеше сіз айтыңызшы, сол табысымның себебі неде екен?» деп қайталай сұрақ тастады.

Журналист іркіліп барып: «Естуімізше, сіз әрбір әрпіне дейін қателеспей 10 мың досыңыздың атын айта алады екенсіз» деді.

«Жоқ, қателесесің!» деп ол дереу жауап қайырды: «Мен кем дегенде өзімнің айналамдағы 50 мың адамның атын қателеспей айта аламын» деді.

Бұл адам – Джим Ферри еді. Ол әрбір танысқан жаңа достарының атын демде көкейіне қондырып алумен қатар, оның отбасындағы, қызметіндегі, әр түрлі деңгейдегі қарым-қатынас жасайтын адамдарының барлығының аттарын жаттап, біліп алады екен. Екінші рет кездескендегі сәлем үстінде ол сізді таң қалдырмай қоймайды. Әйел, бала-шағаңыздан тартып бүкіл таныс-білістеріңізге дейін сұрап, 40 жыл бірге жүрген ескі дос сияқты сырласып кете барады. Мұндай төзімділік оның адамдар арасындағы құрметін, даңқын асырған болатын.

Оймақтай ой

Басқалардың құрметіне бөленгің келсе, оларды құрметте. Бұл адам жөншілігінің ең қарапайым түрі. Өмір мен қызметіңде басқалардың қарсы алуына ие болғың келсе, сенің де оларға деген ыстық ықыласыңның зор екенін ұғындыр, сезіндір, назар аударт, әсіресе, саяси сахнада мұның әсері өте үлкен.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: nicpic.com

3947 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 11 сәуір 2013, 12:46
Пікірлер
+0
11 сәуір 2013, 14:00

мен есм сақтауға нашармын ((

+0
11 сәуір 2013, 14:57

парсы патшасы кир өзінің 30 мың іскерінің атын жатқа білген

+0
11 сәуір 2013, 15:24

Басқалардың құрметіне бөленгің келсе, оларды құрметте :!: :!:

+0
12 сәуір 2013, 22:49

Біздер "проблеманы" көп ойлаймыз,содан шығар ұмытшақтығымыз-деп ойлаймын!Негізінде бар ойын білімге (шын ықыласпен ден қойып) арнаған адамның есте сақтау қабілеті жақсы,миы шыныққан әрі дағдыланған!

+0
15 сәуір 2013, 16:44

біз жаңа ғана айтқанымызды қазір ұмытып қаламызғоо хехх :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...