Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Бүгін тағы кешіктіңіз бе?

Бүгін тағы кешіктіңіз бе?

Бүгін тағы кешіктіңіз бе?

Жұмыста кәсіби қызметкер болып танылғыңыз келсе, не оқуда үздік әрі тәрбиелі студент боламын десеңіз, кешігу әдетін қоюыңыз керек. Бұл жолда біздің кеңестеріміз көмектесіп қалар.

Басқаларға бірден-бір оғаш көрінетін қасиеттердің бірі де - осы. Алайда көп жағдайда біз әдейі кешікпейміз, ерте оянып, тез жиналуға тырысамыз. Онда неліктен кешігеміз? Бұл жаман қасиеттен қалай арылуға болады?

Дайындықтарды ұйқының алдында жасап қойыңыз

Ертең не киетіңізді таңдап, үтіктеп қойыңыз. Телефонның қуатын тексеріп, қажет болса, қуаттаңыз. Киіміңізге жарасатын сөмкені таңдап, ішіне қажетті заттарды жинап қойыңыз. Ертеңгі істерге қажет құжаттар, флешканы ұмытпаңыз. Таңертең тек дайын киімді киіп, сөмкеңізді ұстап кетесіз.

Таңертеңгі душ

Көпшіліктің ойынша, таңертеңгі душқа бір сағаттан кем емес уақыт бөлу керек. Шашыңызды түйіп, суламасаңыз да болады. Тек денені шайып, күні бойы сергек болып жүресіз.  5 минуттан көп уақыт талап етпейтін таңертеңгілік душ басқа істерді тезірек жасауға күш беріп, уақытыңызды үнемдейді.

Қосымша 30 минут

Таңертең 8-де де, 8:30-да да ояну қиын. Сондықтан өзіңізді аямай, ертеңгі оятарды 30 минутқа ертерек қойыңыз. Қосымша 30 минут сізге асықпай жиналып, ұсақ-түйектерге уақыт береді. 

Сағатыңызды алға жылжытыңыз

Жұмысқа әдетте неше минутқа кешігесіз? Сағатыңызды сонша уақытқа асықтырсаңыз, келсі жолы уақытында жете аласыз.

Уақытты санаңыз

Таңертеңгі істерге қанша уақыт құртасыз? Бір таңды қолға сағат пен қалам-қағаз алып өткізіңіз. Жиналуға, жолға, таңғы асқа қанша уақыт кететінін есептесеңіз, таңертең қай уақытта ояну керек екенін білетін боласыз.

Марапаттау мен сөгіс

Жұмысқа не сабаққа уақытында келгеніңіз үшін марапат, кешіккеніңіз үшін сөгіс дайындаңыз. Кешіккен күндері жұмыста кешке дейін отырып, жұмысыңызды аяқтап кетіңіз, ал оқуда сабақ біткеннен кейін кітапханаға барып, қосымша сабақ жасаңыз. Немесе кешке үйге келгеннен кейін үй жинаңыз. Уақытында келсеңіз, кешке достарыңызбен кездесіңіз немесе түскі асқа қосымша тәтті алыңыз.

Неліктен кешігесіз?

Кешігулеріңіздің себебін тауып көріңіз. Мүмкін сізге жұмыс не оқуыңыз қызық емес болар? Немесе әріптестеріңіз не группаластарыңызбен онша достаса алмаған боларсыз? Себебін түсінгеннен кейін, мәселені шешуге кірісіңіз.

Бастысы өзіңізге күнделікті "Мен - сәтті, тәрбиелі, жинақы, ұқыпты адаммын" деп қайталаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: neverwhatif.blogspot.com 

1905 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 10 сәуір 2013, 11:29
Тегтер: жұмыс, оқу, кешігу,
Пікірлер
+0
10 сәуір 2013, 12:58

кешікпеуге тырысам, бірақ алдыңғы аптада көп кешіктім уақытты есептей алмай қалдым жаңа жер болғасын

+0
10 сәуір 2013, 15:23

:D суреттегидей жугире алсан,ешкашан кешикпейтин сияктысын гой

+0
12 сәуір 2013, 11:44

уақытты алдын ала есептеп қойсаң, болды ғой.

+0
13 сәуір 2013, 02:18

омирбаки уакытпен жарысып журген бір бейбақпын-ау кешикпим 00 уакытында жетемго

+0
19 сәуір 2013, 17:12

Мен өмірі кешігіп жүремін, сол үшін үнемі ұрыс та естимін. Әдейі емес, кешікпейінші-ақ деймін, бірақ әйтеуір бір себеп табылып әйтеуір кешігем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...