Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Табу мен жоғалту ішіндегі талғам – өмір

Табу мен жоғалту ішіндегі талғам – өмір

Табу мен жоғалту ішіндегі талғам – өмір

Бір адам өмір сүріпті. Тұрмысының өте ауырлап, қиындап кеткені соншалық, жарық күннен де ләззат ала алмайды екен. Ақылманға барған ол осыларды баяндайды. Ақылман оның арқасына үлкен қалта таңып: «Жолда кездескен тастардың бәрін осыған теріп сала бер. Тек басыңнан үлкен болып кетпесін» дейді. Ол тасты тере-тере бірнеше шақырым ғана алға жылжыған соң, арқасындағы жүкті көтере алмай отыра кетеді. Ақылман оның қасына келіп: «Нені сезіндің?» дейді.

«Тас ауыр екен, жүрген сайын ауырлап алға жылжи алмадым» дейді.

«Міне, бұл сенің не үшін өмір мен тұрмысты өте ауыр, қиын екендігін сезінгенің сияқты дүние. Сен алға жүрген сайын, әр күн сайын керексіз нәрселермен өз көкірегіңді толтырғансың. Олар ауырлап енді сені алға жылжытпай қойды» дейді ақылман.

«Оны жеңілдетудің жолы бар ма?» деп сұрайды жолаушы.

«Сен жақсы қызмет, махаббат, отбасы, достық, ақша, мәнсап, атақ-абыройыңның қайсысын лақтырып тастағың келеді?»

Жолаушы үнсіз қалады.


Адамның жеңілдейтін тек екі-ақ кезі бар. Бірі өмірге жаңа келген кезі, ол кезде сенің арқаңдағы дорбада ештеңе жоқ. Ал енді бірі өмірден аттанар кез, ол кезде сенің арқаңдағы қапты түгел босатып, төңкеріп тастап жатасың. Адамдар өмірде өзіне тиесілі көп дүниелер, мал-мүлік, байлық, жер, бәрі-бәрі болса екен деп армандайды. Осылар болса ғана бақытты, шат өмір сүретін кісі сияқты көрінеді. Бірақ осындай дүниелер көбейген сайын сенің тынысың тарылып, көтерген жүгің ауырлайды. Көңілге алаң орнайды. Сен олардың амандығы үшін ғана қызмет етіп, оларды қорғаштап қана жүретін боласың. Сондықтан бәрі табылар, бәрін жоғалтарсың, бірақ, соның ішінен өзіңе тиесілі талғамды дұрыс жасай алсаң, ол – нағыз бақытты өмірдің бейнесі болмақ.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: soso.com

1632 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 09 сәуір 2013, 15:45
Пікірлер
Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...