Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Өз қателігіңді мойындасаң...

Өз қателігіңді мойындасаң...

Өз қателігіңді мойындасаң...

Өз қателігіңді мойындау - толып жатқан әурешіліктен аман қалғаның.

Өз қателігіңді мойындағаның қарсы жақтікі дұрыс дегенің. Өзің бір қадам кейін шегініп, қарсы жағыңа бір қадам ілгері басуға жол беруің. Алайда, мұның саған пайдасынан басқа еш зияны жоқ.

Ендеше мұндай «амал – айла» үйренуге татымай ма?!

Табар пайда, қызмет орын жағындағы кемшілік пен деңгей жағын жұрттың көбі мойындайды. Дегенмен, парасат жағындағы кемшілікті мойындайтын адам өте сирек.

АҚШ-тың өз кезіндегі парасатты президенттерінің бірі Рузвельт Франклин ақсарайға кіргенде «Мен жасаған шешімнің 75 пайызы дұрыс болса, онда өзім көздеген ең биік мұратқа жеттім деп есептеймін» деп мойындаған екен. Ұлы қайраткердің бар күткен үміті сол ғана болса, онда біз өзімізге қандай үміт артуымыз керек?!

Өзіңде 55 пайыздық сенім барына көзің жете ме? Кімде-кім өз қабілеті мен тұжырым жасау қуатына жазбай сенеді. Егер сен біреуге «сенікі қате!» десең, ол қабыл ала ма? Мүмкін емес! Бұлайша төтесінен кету – оның парасатын, тұжырым жасау қабілетін, ар-намысын аяққа таптағандық болып табылады. Бұлай істеу оның ойын өзгертпейді, әуелі қарсылығына жолығуың мүмкін.

Платон мен Канттың барлық логикасын көшіріп қолдансаң да, оның пікірін өзгерте алмайсың. Себебі, оның көңіліне қаяу салдың.

«Амалшыл» адам «Жарайды! Дәлелдеп көрсетейін! Сенікі мүлде қате!» деп қолын бір-ақ сілтеп шыға келмейді. Мұның өзі «Менің алдымда кімсің?! Жөнін мен айтайын» дегенмен бірдей. Тек өз жолыңды өзің кескеннен өзге түк те емес!

Біреуге ақыл айтпақ болсаң, жайдары сөйле. Ол білмей тұрған нәрсені өзі ұмыт қалдырғандай етіп есіне сал.

Бейне Англияның 19 ғасырдағы саясаткері өз ұлына айтқандай «Ақылың басқалардан асып тұрсын. Бірақ, мүмкін болса, оның алдында ақылды екеніңді ешқашан бұлдама!»

Біреу қате сөйлей бастаса немесе қателікке ұрынса, өзің біліп тұрған нәрсені оған «О, былай еді, менде де бір ой бар. Мүмкін қателесіп тұрған шығармын. Қашан да қателіктерге шырмалып жүретін адаммын ғой. Алдымен тыңдашы, менікі қате болса, түзетуге пейілмін. Алдымен төркініне көз жіберіп көрелікші» деп бастаудың қалайда керемет нәтиже беретіні есіңде болсын!

Өзінің де қателесуінің мүмкін екенін мойындай білген адам өз басын әурешіліктен арашалай алады. Салғыласудан сақтанумен қатар қарсы жағын да өзіндей сабаз болуға жетелейді. Оның үстіне осылай істеу арқылы оған қателесіп тұрғанын және қателесуі мүмкін екенін де мойындата алады.

Сондықтан, қандай жағдайға тап болсаң да әріптесіңмен, қарсыласыңмен салғыласудың еш қажеті жоқ.

Оны жазғырма! Шамына да тиме! «Қулық» істеп, қажет болғанда жол бер. Тек сонда ғана оның пікірін өзгерте аласың.

«Кең болсаң, кем болмайсың!»

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: mail.ru

2702 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 19 наурыз 2013, 18:41
Пікірлер
+0
19 наурыз 2013, 20:34

Бірнәрсе бүлдіріп қойсам бірінші өзім айтуға тырысам, демек дұрыс істеймін

+0
19 наурыз 2013, 20:54

кейде гана...

+0
19 наурыз 2013, 21:37

иа бетине басып айту кашанда сәтсіздікке апарады

+0
19 наурыз 2013, 21:41

Келісемін!..

+0
20 наурыз 2013, 02:21

бірнәрсені бүлдіріп алсам айналшықтап не болса да қасынан шыға алмаймын..ақыры соңында мойындаймын.Оным дұрыс екен

+0
20 наурыз 2013, 12:23

рас, рас!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...