Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ашуды басудың жолдары

Ашуды басудың жолдары

Ашуды басудың жолдары

Ашу, ызаны уақытында басып, тынышталу - таптырмас қасиет. Сабаңызға тез түсіп, өз сезімдеріңізді қадағалап үйренемін десеңіз, сізге бірнеше кеңес ұсынамыз:

  1. Суық. Бір стақан суық су, мұз, балмұздақ... Кез келген суық тағамды жеп, бетіңізге суық басып, салқын суды ішсеңіз, денеңіз сергіп, ашуыңыз басылады. Бұның себебі мынада екен: ашуланғанда дене температурасы көтеріледі, ал салқын су оны баса алады.
  2. Ашудан қашыңыз. Тыныштала алмайтындай қатты ашулансаңыз, тез жүріп, тіпті жүгіріңіз. Ойша ашуыңыз артыңыздан үлгермей, артта қалды деп елестетіңіз. Ызаланған жерде кез келген ұсақ-түйек есіңізге сол сезімді оралтады, сондықтан бұндай сәттері, басқа жерге, көшеге, саябаққа шығып, жүріп келіңіз.
  3. Жаттығулар.  Қарапайым жаттығулар жасап (отырып-тұру, пресс жаттығулары), ашу бойыңыздан кетіп жатқанын сезініңіз.
  4. Сабырлықты жаттықтырыңыз. Қандай жағдай болмасын, салқынқанды болып үйреніңіз. Әрине бірінші кездері бұл оңай болмайды, алайда уақыт өте сіз ұсақ-түйектерге мән бермей, кейін аяқ асты туындаған қиындықтарға да төзімді бола аласыз.
  5. Ашуды жазып алыңыз. Ызаңыз кетпей қойса, оны қағаз бетіне жазып алыңыз. Қалағаныңызша жазыңыз, еш шектелмеңіз. Біреу бұны оқиды деп ойламаңыз, жай ғана бар ашуыңызды жазып шығыңыз. Кез келген сөздерді қолданыңыз. Бұл әдіс  ұялшақ, жалғыздықты ұнататын жандарға таптырмас шешім. Осылайша ашуды іште сақтамай, одан арылуға болады.
  6. Ашудың себептері қандай? Осы жолы не үшін ашуланғаныңызды анықтап, келесіде оған жол бермеңіз. Әркімнің осал жерлері болады. Біреу үшін отбасы, басқа үшін ақша "ауыр" тақырып. Өзіңіздің осалдығыңызды анықтап, болашақта сол жайлы әңгіме қозғалғанда өзіңізді бірден қолға алып, басқалардың ауыр сөздеріне мән бермеңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: scamzo.com

24045 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 ақпан 2013, 13:00
Пікірлер
+0
21 ақпан 2013, 13:58

мен ашулан кезде кітап оқып кетем

+0
21 ақпан 2013, 13:59

Адамдарға ашуланбауға тырысам. Бірақ қанша тырысқанмен, ашуланатын, көңіл-күй түсіретін жағдайлар болып тұрады. Ондайда ешкімге сөйлемей, өзіме ұнайтын рок музыкаларды тыңдағанды, не қағазға ойларымды жазғанды ұнатамын. Осы кезде ғана көңіл-күйім қалыпқа түседі.

+0
21 ақпан 2013, 14:07

Ыдыс, айна, терезе сындыру қатты көмектеседі, бірақ, басқа адамның ызалануына себеп болады ол ; )

+0
21 ақпан 2013, 14:42

салқынқанды болғым-ақ келеді, қызығамын сондай адамдарға)

+0
21 ақпан 2013, 14:49

Ашулану менин басымнан кунде отеди.... себеби балалармен жумыс жасаймын...казирги балалар ууууууу :)

+0
21 ақпан 2013, 16:06

Ашуланғанда құлағыма наушник киіп алып, дауысын қатты қойғанды жақсы көремін

+0
21 ақпан 2013, 17:31

Мен ашуланғанда мықты шаруа болып кетем. Тіпті сол шаруаны жасап тастауға күнде мойным жар бермей жүргенде, біреу ашуыма тисе, Құдай-ау, сол шаруаны артығымен тындырып тастаймын. Ашуланғанда "тас қайнатамын" десем болады.

+0
21 ақпан 2013, 19:12

ибай! Түрін-ай ))))))))))))))

+0
22 ақпан 2013, 12:26

Маған көмектессе екен

+0
24 ақпан 2013, 20:34

жаман ашуланшакпын.........бугин ислами бир китап окып битрдим сабырлы болу басты нарсе екен....енди коп ашуланбауга тырсаымн

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...